Арыстық 4010 баланы жазғы лагерьге жіберу жоспарланғаны белгілі болды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Мұсаев Әбдіхан мәлімдеді, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталы.
Билығы жылдың 27-ші маусым, 9 шілде аралығында 1395 арыстық балақайлар өзге өңірлерімізге демалуға жөнелтілді. Атап айтқанда, Павлодар облысына – 300, Ақмола облысына – 145, Жамбыл облысы – 223, Алматы – 150, Батыс Қазақстан облысына – 47, Шығыс Қазақстан облысына – 150, Нұр-Сұлтанқаласына – 200, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына – 150 бала демалса, Алматы қаласына 30 әскери қызметкердің балалары барып, тынығып қайтпақ. Бүлдіршіндердің жағдайын жасау үшін мемлекетімізден басқа да игі жұмыстар жасалынып жатқан жайы бар.
Сондай-ақ арыстық балаларды демалуға еліміздегі 13 облыс пен қала, екі ЖОО, республикалық екі сауықтыру орталықтарымен қатар, Қырғызстан мемлекеті де өздеріне шақырып отырғандары ескерілді.
Жалпы, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша балалардың демалу мерзімі 1 айға созылуы мүмкін.
Шілде айының 10-18 күндері тағы да 1572 баланы жазғы лагерьге жіберу көзделіп отырған жайы бар. Бүлдіршіндердің бақытын ойлаған мелекетіміздің алдағы жылы да осы жұмыстарды жалғастырмақ.
Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтылатын болды. Қалған 1214 бала 18 шілде мен 1 тамыз аралығында демалыс орындарына жіберіледі. Елдің келешегі бүлдіршіндеріміздің, жастарымыздың қолында болған соң, жасалынып жатқан игі жақсылықтардың үлкен істің белгісі.