Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалалық Полиция департаментінің жұмысымен танысты. Кездесуде үшінші мегаполисті қауіпсіз қалаға айналдыру шараларын пысықтады.

Қала басшысы халықтың жайлы орта, қауіпсіз қалада өмір сүруін қамтамасыз ету ортақ іс екенін айта келе, Жедел басқару орталығының жұмысын жандандыру керектігін жеткізді. Яғни, қаладағы барлық әлеуметтік маңызы бар нысандағы бейнекамераларды Жедел басқару орталығына қосуды ұсынды.

Департамент бастығы Думан Таевтың айтуынша, «Қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру аясында 479 «Pelco» бейнебақылау камерасы, 21 көше қиылысында 212 «Интегра» бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Ал «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы аясында 150 мемлекеттік мектепте 2 618, жекеменшік 36 мектепте 700 бейнебақылау камерасы орнатылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына біріктірілген.

Қалада соңғы үш жылда 3 868 бейнекамера орнатылды. Оның 1 500-і қоғамдық, 2 368-і жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылған.

Айта кетейік, алдағы уақытта қала аумағы тағы 1500 бейнекамерамен толықтырылады.

Бүгінде қала аумағында   жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ретсіз орналасқан базарлардың айналасында автотұрақ, аяқжол, жол белгілері және жол таңбалары, темір жол қоршаулары орнатылып ретке келтірілді.

Сондай-ақ сала мамандарына қала аумағында жолдардың  қауіпсіздігіне талдау жасап, әрқайсысының ерекшелігін ескере отырып, жеке жобалар ұсыну бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде мегаполис жолдарын жүргізушілерге де жаяу жүргіншілерге қауіпсіз ету көзделуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.