Жол саласы Қазақстанда қашаннан да актуалды.

Тұрғындардан жолға қатысты түсетін шағымдар туралы білесіздер. Қарапайым адамға ол республикалық деңгейдегі жол ма, әлде жергілікті жол ма, ешқандай айырмашылығы жоқ. Оған үйдің жанында, қалада, ауылда немесе елдімекендер арасында жақсы жолдар қажет. Сондықтан, жолдың сапасына баса назар аударыңыздар. Жаңа асфальт көктемде қармен бірге еріп кетіп жүрмесін- деп ескерткен болатын ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес, қалада алғаш рет топырақ жолға суық ресайклерлік өңдеуден кейін тұтас эмульсиялық минералды қоспасының 2 қабатын төсеу тәжірибесі қолданылды. Жол эксперимент жүзінде 400 метр қашықтықта Таңбалы тас көшесіне салынды.

Қала басшысы жаңа технология бойынша салынған жолдың сапасын тексерді. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, әзірге эксперименталды жолдың сапасы жақсы. Егер қыс мезгілінде мәселе туындамаса, бұл жаңа әдісті қаладағы барлық топырақ жолға қолдану жоспарланып отыр.

Қала әкімі шалғай аудандарда топырақ жолдарға осы әдісті қолдану тұрғындардың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етудің уақытша шешімі екенін алға тартып, қаладағы топырақ жолдың бәріне кезең-кезеңімен асфальт төселетінін жеткізді.

Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәикес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1- санаттағы аиналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Тащкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын баиланыстыратын болады.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында аитылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басщысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылған болатын.

Өйткені еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыружәне автомобиль жолдарын дамыту күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.