Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Отырар ауданына бөлінген Арыс қаласындағы 11 секторда орналасқан көше билері, қалалық мәслихат, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен жиын болып өтті, деп жазады q-content.kz ақпараттық порталы.
Арыс қаласындағы 11-секторға жауапты Отырар ауданының штаб бастығы-аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш орын алған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі атқарылған жұмыстарды күнделікті жеткізіп отыр. Алда тұрған жоспарларымен бөліскен штаб бастығы сектордағы 830 шаңыраққа 77 көше билері өз көмектерін ұсынатындығына сенім білдіріп, тұрғындарға төтенше жағдай бойынша ресми ақпараттарды жеткізу, олардың мұң-мұқтажын билікке жеткізу, халықты сабырға шақыру және тағы басқа мәселелер бойынша көше билерінің алар орны ерекше екендігіне тоқталды.
«Қалалық әкім аппараты мен мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері, ардагерлер кеңесінің өкілдері өз ойларын ортаға салып, арыстықтарды алып қашпа әңгімеден, арандатушылардан сақ болғанымыз жөн» дейді, штаб бастығы.
Арыста секторларға бөлінуі жұмыстардың тиміді жүруіне алып келіп отыр. Алдағы уақытта арыстық отбасылардың үйлері қалпына келтіріліп, азаматтардың қуанышты күндері де алыс емес.