Қиын жғдайға тап болған арыстық зардаптарды жою жұмыстары өз жалғасын тауып жатқан жайы бар. Арыс қаласында Отырар ауданының штабы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Құжаттар қабылдау, санитарлық тазалық жұмыстары тоқтамауда.
Айтпай келген аптқа ап болған Арыс азаматтарына көмектер келуі азайып жатқан жоқ. Еліміздің барлық өңірлерінен Арысқа ағылған гуманитарлық көмектер, қарқын алған қарбалас жұмыстардың барысымен жұртшылық БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы танысып отыр. Отырар аудандық мәслихаттық бір топ депутаттары Арыстағы игі бастамадан қапы қалмай, халықтың сенімінен әркез де шығатынын бір дәлелдеп шықты.
Арыста арнайы болып ондағы атқарылып жатқан істердің барысымен және штабтың жұмысымен жете танысқан халық қалаулылары қаладағы Отырар ауданына бөлінген 11 сектордағы тұрғындарына мемлекет тарапынан берілетін көмектер туралы түсіндіріп, халықты ынтымақ-бірлікке шақырды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Отырар ауданына тиесілі Арыс қаласындағы 11 секторда Отырар ауданының штабында жүйелі жұмыстарын белсенді жалғастырып жатыр. Арнайы бөлінген 7 техникамен 11 сектордағы 10-нан астам көше күл-қоқыстардан, құрылыс қалдықтарынан тазаланып, 183,5 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Қала тұрғындарын арандатушылардың арбауына түсіп қалмау мақсатында бірнеше рет арнайы түсіндірме жиындарын өткізген.
Отырар ауданына бөлінген сектордағы 84 үйді жөндеу жұмыстары толығымен аяқталса, құрылысшылар 124 үйді жөндеу жұмыстарын қарқынды атқарылуда. Арыстық азаматтардың үйлерін қайта келтіруге құрылыс жұмыстары басталып та кетті.