Абай ауданындағы Халметов көшесінде орналасқан жеке тұлғаға тиесілі бір қабатты құрылыс нысаны сүрілді. Ғимарат сот орындаушылар тарапынан жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзылды. Аудандық сотының шешімімен аталған басқарманың талап арызы қанағаттандырылды.

Абай ауданы — Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылдың 10 сәуірінде құрылып, 1996 жылы таратылған. 2005 жылы қайта қалпына келтірілген. Жер аумағы – 497,04 км². Халық саны – 345 761 адам (2023)

Сондай-ақ Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабы, 111-орам мекен-жайындағы орналасқан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының талап арызы негізінде екі қабатты құрылыс нысандары да сүрілді. Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұздыру туралы талап арыз қанағаттандырылды. Қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі күшінде, жауапкердің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалды.

Тұран ауданы — Шымкент қаласы құрамындағы әкімшілік бірлік. 2022 жылы 7 шілдеде құрылды. Ауданның аумағы 36,3 мың га (қала аумағының 32%), халық саны – 220,7 мың адамды құрайды. Сипаттамасы. Ауданға 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көшелер саны 533 болса, тұрғын үйлер саны 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.

Шымкент қаласындағы бесінші ауданға атау беру туралы қала әкімі аппаратының басшысы Г. Мауленкулов баяндады. Ол қоғамдық тыңдау өткізіліп, жаңа ауданға «Алаш», «Жібек жолы», «Тұран», «Бадам», «Мәртөбе», «Яссы», «Құрлық» атаулары мен Ш.Қалдаяқов, А.Асқаров, Ж.Тәшенов есімдерін беру бойынша ұсыныс пікірлер түскенін, көпшілік «Тұран» атауын қолдағанын, одан бөлек жергілікті қоғамдастық өкілдері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдардың ұсынымдары да ескерілгенін атап өтті. Нәтижесінде сессия отырысында ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Тұран» атауын беру бойынша ұсынысты халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.