Шымкент қаласы Тұран ауданында тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында – биыл 39 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Он айдың есебі бойынша 38 көшеге асфальт төселді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференцияда мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Тұран ауданында 2023 жылдың 10 айында 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальтау) жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
– Бүгінде оның 38 көшесіне (31,1 шақырым) асфальт төселді.
Олар: Жанаталап шағын ауданындағы Айбар, Айдарқұл көшелері. Ал Құрсай шағын ауданында Тұрбат, Шеңбертал, Таңбалы тас, Мәмешов тұйығы, Зайсан, Өскент, Сатқанбайұлы, Бекболатов, Құлантөбе, Құлантөбе өткелі, Әулиекөл, Егізтөбе, Қосарал, Тастыкөл көшелерінде құрылыс жұмысы аяқталып отыр, – деді спикер.
Сонымен қатар, Құрсай елдімекеніндегі Сарытау соңы, Ақбастөбе көшесінде құрылыс аяқталған. Айкөл шағын ауданындағы атауы жоқ екі көшеге асфальт жабындысы салынып, пайдалануға берілді. Агропром елді мекенінде Ақбаян, Алтынтөбе және атауы жоқ бір көшеге асфальт төселді.
Қазығұрт елдімекендегі Айшықты көшесінің құрылысы аяқталған. Карл Маркс шағын ауданындағы Бадам-1 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтағы Байтіленов, Үркімбаев көшелеріне де асфальттау жұмыстары жүргізілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Құрсай шағын ауданы бойынша 43 көшеге 16,4 шақырым жоспарланған. Бүгінгі таңда 42 көшенің шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ Тұран ауданы аппаратымен 22,8 шақырымды құрайтын 58 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.