Құрылыс қарқыны облысымыздың барлық жерлерінде тоқтаусыз жүріп тұр. Мысалы, Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінде жаңадан бой көтеріп жатқан алты тұрғын үйдің 3-еуі аяқталуға жақындақ қалған екен. Жуырда халық игілігіне пайдалануға берілмек.
Бүгінгі таңда аудан орталығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама аясында соғылып жатқан 24, 32 және 64 пәтерлік 6 үйде құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Құрылысшылар жақын күндері 64 пәтерлік үш тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Састөбе кентіндегі 64 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан толық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сатып алу конкурсы да жарияланды. Мердігер мекеме анықталған жағдайда құрылыс жұмыстары жақын арада бастау алмақ.
Бүгін, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков жаңадан салынып жатқан баспаналардың құрылыс барысымен танысып, сапасын да көріп шықты. Жалпы, өткен жылдың соңында аудан бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 158 жанұяға жаңа пәтер кілттері табысталған еді. Тұрғын үй алуға өтініш берген азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүйелі түрде баспаналар салынбақ. Аудан тұрғындарының барлығы дерлік баспаналы болуы да үлкен жетістіктердің бірі.