Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілген болатын, бұл туралы q-content.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Р.Аюповтың төрағалығымен өткен жиында қаралған мәселелер;
— экономика бөліміне қаладағы құрылыс жұмыстарына қаржының қажеттілігін шешу және жұмысын жеделдету масқатында облигациямен және мемлекеттік жеке меншік әріптестік негізде жұмыс жасау жүйесін қарастыру;
— Жер қатынастар бөлімі мемлекет мұқтаждығы үшін жер қайтару жұмыстары бойынша күнделікті мәліметті ұсынып отыру;
— Қаладағы құрылыс нысандарына камера орнатып, оны әкімдіктен қадағалауды үйлестіру;
— «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы» студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қаладағы оқу орындарының (университет, колледж) жатақхана қажеттілігін анықтау, сұраныс жасау;
— Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінен шұғыл диспетчерлік қызмет ашу (шұғыл желі арқылы қаладағы ауыз су, электр жарығы, тазалық жұмыстары бойынша тұрғындардың өтініш, шағымын қабылдау үшін)
— Көшедегі жарнамалық баннерлерді жаңалау, жазылу стилін реттеу;— Базар айналасындағы жабайы сауданы реттеу;
— «Қауіпсіз қала» бағдарламасын қайта қарап, жүзеге асыру тапсырылды.Осы берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуын қадағалауды қала әкімі аппаратына жүктеді.