Шымкент қаласы Қаратау ауданында алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізу бойынша арнайы жұмыс жоспары бекітілген. «Қуат жылу орталық-3» коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп жүзеге асырылуы көзделген бұл жоспарға сәйкес, көп қабатты 447 тұрғын үйдің жылу жүйесіне сығымдау жұмыстарын жүргізуге қажет.
Қаратау ауданында бүгінде 8 қызмет көрсетуші мекеме жылу жүйесін сығымдау қызметін көрсетеді. Бұл мекемелерде сығымдау жұмыстарын жүргізетін 12 арнайы бригада бар.
Қазіргі таңда аудан аумағындағы 447 көп қабатты тұрғын үйдің 428-і, яғни, 95,7 пайызында сығымдау жұмыстары атқарылған. Қалған тұрғын үйлерде бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар ауданда жаңадан пайдалануға берілген немесе жыл соңына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отырған көп қабатты 55 тұрғын үй бар. Аудан әкімдігі аталған тұрғын үйлерді салып жатқан құрылыс компаниялардың барлығына жылу маусымына дайындық жүргізу керектігін ескертіп, ресми хат жолдаған.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімдігі әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың өздері көп қабатты үйлердің жылу жүйесіне сығымдау жұмыстарын жүргізу керектігін ескерткен.

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН МЕКЕМЕЛЕР:

«ОҚО үйлерді басқару» ЖШС – Ж.Исмайлов (87784041325)
«Қызметкер СК» ЖШС – А. Сыдықов Алиакбар (87013489082)
«Қызмет Сервис» ЖШС – Е.Железкова (87059602493)
«АлиаскарБамГрупп» ЖШС – Б.Алиаскаров ( 87774240220)
«Исабаева» ЖК – А.Исабаева ( 87753187695)
«Қазына» ЖК – М.Иманбердиев (87058065834)
«Әділ» ЖК – А.Сыдықов 87074722771
«Адал хаузинг» ЖК – А.Сұлтанбаев ( 87473330981)
«АБ-Нур» ЖК – Н.Омаров (87785771787)
«Коммунал Сервис Ко» ЖШС – Е.К.Абдукаримов (87057587121)
«Шымкент келбеті»

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.