Билығы маусымның оқу жылында Кентау қаласы бойынша 1731 (облыстық мектептерде 205 ) оқушы мектеп бітірген болатын. Оның ішінде 857-і қазақ, орыс сыныптарында оқиды, ал 874 оқушы өзбек сыныптарында бітірген. Жалпы бітірушілерден 1158 оқушы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп, ол 68% құраған, дейді q-content ақпараттық порталы, Кентау қаласының әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тест тапсыру екі пунктте өткізілді: 21 маусым күні Кентау қаласындағы № 19 А. Молдағұлова атындағы мектеп – лицей базасында орналасқан тестілеу пункті және Халықаралық Қазақ — түрік мемлекеттік университет базасы.
— Бірінші күні 21.06.2019 жылы № 19 А.Молдағұлова атындағы мектеп – лицей базасында 598 оқушыдан 588 оқушы тест тапсырды. Жалпы орташа балл 86,1 құрады.
10 оқушы наурыз айында ақылы тест тапсырып сертификат алған.
— Екінші күні 22.06.2019 жылы Халықаралық Қазақ — түрік мемлекеттік университет базасында 400 оқушының 398 оқушы тест тапсырды. Жалпы орташа балл 73,2 құрады.
2 оқушы наурыз айында ақылы тест тапсырып сертификат алған.
— Үшінші күні 24.06.2019 жылы Халықаралық Қазақ – түрік мемлекеттік университет базасында 155 оқушының 155 оқушы тест тапсырды. Жалпы орташа балл 73,2 құрады.
— Төртінші күні 26.06.2019 жылы Халықаралық Қазақ — түрік университет базасында 4 оқушы тест тапсырды.
Жалпы Ұлттық бірыңғай тестке 1158 оқушының 1143 — і қатысты.
Жалпы орташа балл 77,6.
21.06.2019 күнгі тест қорытындысы бойынша Кентау қаласынан 52 бітіруші түлегіміз шектік деңгейге қажетті ұпай жинай алмаса, 171 оқушы 100-ден жоғары балл жинады.
Сондай-ақ, С.Қожанов атындағы №9 мектеп бітірушісі Мухитдинова Азиза 129 балл, Бабайқорған жалпы орта мектебінің түлегі Қыдырбек Ғазиза 129 балл, әл Фараби атындағы №14 мектеп – гимназиясының бітіруші түлегі Жүсіпәлиев Нұрбақыт 129 балл, осы мектептің тағы бір түлегі Маширапов Дархан 130 балл жинаса, қала бойынша ең жоғары 133 балды М.Әуезов атындағы №22 мектеп-гимназиясының түлегі Джунусбеков Әнуар жинап, өз білімдерінің жоғарлығын көрсетті.