Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қаладағы жазғы жүзу бассейіні мен футбол ойынына арналған Динамо алаңында болып қайтты, деп хабарлайды q-content.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түркістан облысындағы аудандарда салынып жатқан спорттық ғимараттар мен алаңшалар заман талабына сай салынып жатыр. Кентау қалалық «Ойын және су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жаз айы басталғалы жұмыс жасап келеді. Нысанда құрғақ жүзу спорт залы «Ангар» 100% жұмыс атқаруда, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер жұмыс жасайды. Нысан бойынша барлық құрылғыларды сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілген, сонымен қатар құрылыс монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде бассейн стандартқа сәйкес қатқыл тазарту сүзгісі, жарықтандыратын сүзгі,сорғы агрегат, ілмекті-реттеуші арматура, құбыр желісі, суды реттеуші қызметіне ие, сапалы Astrlpool Испания Vesubio сүзгілері орнатылған. Нысанның әкімшілік ғимаратында 44 дана душ бөлмелері жұмыс жасауда және жаз мезгілінде душтағы суды жылыту үшін афтономды қазандық іске қосылған, Сонымен қатар нысанда матчталы прожекторлар және бейне-бақылау камераларымен жабдықталған. Жоба бойынша нысанның электр желісінде қиындықтар туындамасы үшін бөлек трансформатор іске қосылған және нысан айналдыра темірден дәнекерленген дуалмен қоршалған.
Мысалы, Домино стадионына біршама құрылыс жұмыстары қажет екенін анықтап, ол бойынша жоспар жасалынатынын жайлы сөз етті. Кезінде бұл алаңда көптеген чемпионаттар ойнап, түрлі жарыстар өткізілген екен. Қаламен бірге жасасып келе жатқан футбол алаңының тарихы зор екенін атап өткен қала әкімі Даурен Сәбитұлы қаладағы бірқатар спорт нысандарына жөндеу жұмыстары жоспарға енгізіп қойған.