Жастарымыздың арасында ең маңызды мәселелердің бірі — нашақорлықтың алдын алу, болдырмау. Елімізде есірткіге деген әуестігі бар жастардың қатарын азайтуға қажетті жұмыстар да жүргізіліп жатқан жайы бар. Нашақорлық пен есірткі бизнесінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай Кентау қаласындағы С.Қожанов атындағы саябақта нашақорлыққа қарсы қойылым көрсетілді, дей q-content.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қойылымның басында Кентау қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жайна Аринова сөз сөйлеп, жастарды нашақорлықа қарсы тұрып, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеді. Қалалық ішкі саясат бөлімі мен спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйытқы болуымен спорттық іс-шаралар өтті. Жастар спорттың: арқан тарту, шахмат, жүгіру секілді сайыстармен өзара бақ сынасқан болатын.
Сонымен қатар, саябақта емхана қызметкерлері қала тұрғындары мен жастарға нашақорлықтың, темекі және де басқа да ішімдікке қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нашақорлық — бүкіл қоғамның қасіреті.,болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да,бойын да таза ұстаған. Ақыл ойды улап,адамды есінен тандырып,мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болған. Ата-бабамыздың сүйікті сусыны — дертке дауа, жанға шипа қымыз.
Шара соңында спорт сайыстарынан үздік шыққан жастар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.