Бүгін Шымкентте «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қала әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған бизнесті дамытуға арналған конференция өтіп жатыр. Айтулы іс-шараны Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова ашып, жүргізіп отырды.
Конференция барысында «Самұрық-Қазына Контракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары Әділет Батталов отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктері туралы айтты.
–Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген міндеттерін орындау мақсатында «Самырұқ-Қазына» қорының сатып алу саясатының жаңа моделі қалыптастырылды. Ол қордың сатып алу жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді және отандық кәсіпкерлерді қолдауды көздейді. Бүгінде қор импортты алмастыруға бағытталған бірегей бағдарламаны жүзеге асырып жатыр. Оның аясында қор 2018 жылдан бері қарай жалпы соммасы 107 миллиард теңгеге 389 ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар жасады. Қор алдағы уақытта реттелетін саудада осындай келісімдердің үлесін арттыра түсуді жоспарлап отыр, – деді Әділет Қоныспайұлы.
Конференцияның ашылуы барысында Шымкент қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев шаһарда өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Мұнан кейін «Самұрық-Қазына» қоры, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Шымкент қаласы әкімдігі отандық тауар өндірушілер мен бизнесті қолдау бағыттарында ынтымақтастық орнату жөнінде үшжақты келісімге қол қойды.
Айта кетейік, конференция аясында шымкенттік кәсіпкерлерге қордың сатып алуларының жаңа ережелерін түсіндіруге арналған оқыту семинары өтіп жатыр.
«Шымкент келбеті»
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.