3-5 қараша аралығында Шымкент қаласында классикалық стендтік пресс, халықтық пресс, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен IPAF Федерациясының Армрестлингімен бицепске қатаң көтерілу бойынша гладиаторлар Ашық Кубогы өтті.

Турнирдің мақсаты Қазақстанның мықты спортшыларын анықтау, еліміздегі күш спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ жастарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту болды.

Бұл турнирге «STRONG MAN» командасының құрамында 6506 әскери бөлімі 1 жедел мақсаттағы  батальонының материалдық-техникалық қамтамасыз ету взводының командирі майор Сұлтан Абдулмаликұлы қатысты.

Жарыс адал және табанды күресте өтті, онда Ұлттық ұлан офицері спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде классикалық стендтік пресс және халықтық пресс пәні бойынша майор Сұлтан Абдулмалықұлы 3 орын алды, ал бицепске қатаң көтерілу пәні бойынша құрметті 1 орынға ие болды, осылайша спорт шебері нормативін орындады.

Команданың жаттықтырушысы-  екі дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Досанов.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі даңқты спорттық дәстүрлерге ие. Көптеген жылдар бойы әскери бөлімнің әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында және халықаралық деңгейдегі басқа да жарыстарда көшбасшы болып табылады.

ҚР Ұлттық ұланы  6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.