Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қолдау тапқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ақынның өлеңдерін оқу эстафетасы жалғасып келеді. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабыл алып, бүгінгі таңда министрлікке қарасты мекемелер, елемізге танымал азаматтар кең көлемде жалғастырып келеді, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінен эстафетаны қабыл алып, қорық- музей қызметкерлері де қолдауларын күшейтті.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы Абай өлеңдері мен қарасөздерін жатқа оқып беруде. Және де түркі жұртының шаңырағына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және ортағасырлық Күлтөбе қалашығы мен Түркістан тарихы музейі, кітапхана мен қор сақтау бөлімдерін де насихаттауды ұмыт қалдырмады жөн санады.
Қазақты әлемге танытқан ұлы ақынның даналық пен кемеңгерлікке толы өлеңдері мен қарасөздерін оқу эстафетасының кең көлемде жалғасын тауып келе жатқаны қуантады. Қазақ халқының Абай өлеңдерін сағынып қалғандығын көрсетіп тұрғандай.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне жолдап отыр.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталып кетті. Бұл challenge-ді желі қолданушылары #abai175 хештегімен таратуда. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артып жатыр.