Шымкент қаласының туристік маңызы өте зор. Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап болып табылады. Шымкенттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктер бар.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы Ерболат Оспанов туристік инфрақұрылымды дамыту, креативті индустрия, сыртқы байланыстарды нығайту және тағы басқа бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
2023 жылдық статистикалық есептерге сәйкес, қала аумағына 340 413 турист келген. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент республика көлемінде Астана, Алматы қалалары және Ақмола облысынан кейін 4-ші орынды иемденді.
Осы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда.
Сонымен қоса, жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпарттық экскурсия өткізілді. Олар Индонезия елінің NET-телеканалының делегациясына, Мәскеу қаласынан келген туристерден құралған қонақтар.
Сондай-ақ, Қазақстанның Қытайдағы туризм жылының ашылуы ашылуы салтанатында Шымкент қаласының стенді ұйымдастырылып, іс-шара барысында Қытай азаматтарына және Қытайдағы қазақтарға Шымкент қаласының туристік, гастрономия және инвестициялық әлеуеті таныстырылды.
Шымкентте туризмді дамыту мақсатында қаладағы инфрақұрылымдарға мониторингтік жұмыстар жүргізілуде. Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар.
– Биыл да бірқатар іс-шаралар, жобалар қолға алынады. Атап айтқанда, Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе 2024-2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар – Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін абаттандыру көзделген. Тағы бір туристер тартудың көрнекі іс-шарасы Damdastour ресторандар жәрмеңкесі. Наурыз айында өтетін «ДәмДәсTour» фестивалін үшінші мегаполистің жыл сайынғы дәмді мерекесіне айналдыру жоспары бар. Бұл қаланың туристік әлеуетін дамытуға оң септігін тигізеді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы гастрономиялық орталық деген ұғымды дәлелдей түссек деген ниет бар, – дейді Ерболат Мырзалыұлы.
«Шымкент келбеті»