Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы «Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында баспасөз брифингінде айтып өтті. Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мүмкіндік беретін жерді тиімді пайдалану, жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын мемлекеттiк реттеу бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етті.
Жобалық кеңседе бекітілген 3 индикатор, яғни бас жоспар, геопортал, бюджет, тұрғын үйлерді есепке алу және I-komek бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда.
— Былтыр қаланың жаңа Бас жоспарын бекіттік. Cоның негізінде қазіргі таңда егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына өзгерістер енгізіліп, бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жер саласында арыз-шағым көп. Жыл басынан бері 3 айдың ішінде 3800-ден астам арыз-шағым түсті. Өтініштер, сұраныстардың бәріне жауап беріп, тиісті қызметтер көрсеттік. Басқармаға бөлінген қаражат өз деңгейінде игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Биыл сыртқы жарнамаларды ретке келтіру бойынша да оң нәтижелер бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, билбордтар лед экранға ауысады, — деді басқарма басшысы
Сондай-ақ, Нұрбол Әбдірахманұлы мемлекет мұқтаждығына алынатын жер телімдері, қалаға кіреберіс қақпалар орнату, заңсыз құрылыстар бойынша мониторинг, қаланың дизайн коды бойынша қолға алынған жұмыстарды айтты.
Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы, А-2 жолы құрылысы бойынша жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асып жатқанын атап өтті.
«Шымкент келбеті»