Білім-ғылымның, тәрбиенің алтын  бесігі, қасиетті қарашаңырақ  – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Шымкент қаласының орталығында, А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан. Университет 1937 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Ғасырға жуық уақытта көптеген жетістіктерге жетіп, мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығарған. Түлектері қазіргі таңда Қазақстан және шет елдерде қызмет атқаруда. Университет түлектерінің білім ұясына алғыстары шексіз!
Бүгін Шымкентте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атымен аталатын колледждің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқу орнының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева және білім басқармасына қарасты колледждердің басшылары қатысты.
– Колледжі өткен жылы құрылды. Ғылыми кеңес мәжілісінің шешімі бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы колледжге Жүсіпбек Аймауытұлының есімі берілген болатын. Колледжде лицензияға сәйкес 3 мамандық бойынша негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру базаларында білім беру қызметі жүзеге асырылады. Олар: «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек», –деді Г. Сүгірбаева.
Коллеждге Алаш ардақтысының есімі берілуі бекер емес. Жүсіпбек Аймауытұлы 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры қызметтерін атқарған.
Колледжде бүгінде 58 оқытушы: 1 ғылым докторы, 17 ғылым кандидаты, 3 PhD, 29 магистр, 3 аға оқытушы бар. Оқу кабинеттері қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Колледжде жалпы білім беретін 154 кабинет, 13 зертхана, 2 шеберхана бар.
«Шымкент келбеті»
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.