«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә. Жангелдин атындағы мектепте, Алматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті.
Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Жастар ресурстық орталығы.
Бұл сыйлықтар «StartTime.kz» порталында Арыс қаласына көмек ретінде,400-ден аса қазақстандықтан жиналған2 млн. 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.
Игі бастаманың басы-қасында «StartTime» ЖШС-нің директоры АзизаӨтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және Арыс қаласы Білім бөлімінің басшылығы болды.
Айта кетейік, 26 маусымнанбастап «StartTimе» ЖШС-нің еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1, 4 млн.теңге қаражатты «Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.