Жазғы демалыста қарияларымызға сауықтыру демалыс аймақтарына жіберу жылда жасалынып жатқан көмектер бар. Бүгін күні де Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер «Мейір Ардагерлер үйіне» аттанды, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі.
Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Атап айтқанда,физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі — 15 күн. Сондай-ақ, демалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.
Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін 8 шілдеде «Мейір Ардагерлер үйіне» 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолданады.Жалпы шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады.
Еске салсақ, бүгін түсте Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына аттанып кетті. Сонымен бірге кешке қарай 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. Оқушыларды ата-аналары мен ұстаздары Арыстағы темір жол вокзалынан шығарып салды.Бұған дейін арыстық оқушылар Павлодар (129), Ақмола (145), Жамбыл (200), Алматы облыстары (150) мен Нұр-Сұлтан (200) қаласына демалысқа жолданған болатын.Жалпы осы жазғы демалыста Арыстың 4 мыңнан астам оқушысын өзге өңірлерге демалысқа жіберу көзделген. Қазіргі таңда 1 мыңнан астам оқушы демалысқа жіберілді. Сонымен қатар Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда. Оқушыларды арнайы бекітілген ұстаздар алып жүреді және жас өрендердің алаңсыз тынығуына қолайлы жағдайлар бар. Келесі жылы да тынығу аймақтарының санының артылуы күтілуде.