Арыста болған апаттан көптеген үйге зақым келгені белгілі. Соларды қайта қалпына келтіру үшін біраз уақытты талап етеді. Енді қаладағы барлық үйлер саналып, жөнделетіндердің нақты саны анықталды. Тізімгі жалпы 8371 баспана алынып, оның 6977-і түрлі деңдейде жөнделмек.
Бүгін Арыста облыс әкімі аппаратының кезекті селекторлық жиынын өткізген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаланы қалыпқа келтіру бойынша жүріп жатқан жұмыстарды талқылады. Мәжіліске 17 секторға жауапты республикадағы барлық облыс әкімінің орынбасарлары мен жауапты басшылары қатысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев барлық құрылысты тұрақты түрде қадағалауда екенін айтып. соңғы мәліметтерді баяндады. Оның xабарлауынша 2194 үйді қалыпқа келтіру қызу жүруде. Қалған 4575 баспанада осы аптада басталады.
Арыстағы құрылысқа 168 мердігер компания, 3531 құрылысшы тартылған. Алайда жұмыс күші аз. Кейбір облыстар қажетті мамандарды таппай жатыр. Жергілікті тұрғындардың атсалысуға ықыласы жоқ. Облыс басшысы осы орайда өңір xалқын қажетінше тартып, әрі жұмыспен қамтуды да тапсырды.
Жалпы, зақымданған 66 әлеуметтік нысанның 62-де «Самұрық-Қазына» қоры жөндеу жұмыстарын бастады. Мұның 54-ін білім ғимараттары құрайды. Бұлар да жаңа оқу жылына толық аяқталуы тиіс.
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев тиісті жұмыстарды барынша жеделдетуді және сапалы түрде жүргізуді міндетеп отыр.