Арыс қаласында болған жағдайға байланысты барлық аудандардан көмек қолы келіп жатыр. Аудан басшылары да Арыс қаласынан көрініп жатыр. Қазіргі таңда, Түркістан және Нұр-Сұлтан қаласы 9-учаскеге жауапты болып отыр. Онда 600 жеке меншік, 59 көпқабатты үйлер, 6 әлеуметтік және 22 коммерциялық нысандар орналасқан екен.
Айта кетерлігі, Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып келеді. 17 сектор бойынша барлық үйлер жөнделуде. Баспаналардың бүлінген шатырынан бастап, жарылған қабырғалар мен сынған терезелер қалпына келтірілуде.
Жалпы, 10 жеке үй мен 5 көпқабатты үй тұруға жарамсыз күйге түскен. 30 үй жөнделді, қазіргі уақытта 65 жеке және көп қабатты үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нұр-Сұлтаннан 11 компания мен 186 жұмысшы тартылды. Жергілікті тұрғындарға 38 тонна азық-түлік таратылды. 245 тонна қоқыс шығарылды. Түркістан қаласынан 1 камаз, 1 жүк тиегіш, 1 автобус және 1 су тасушы көліктер жұмылдырылды.
Қосымша секторларға бөлінген қызметкерлер ақау актілерін түзумен айналысуда.Облыс пен аудандардан 1500-ден астам құрылысшылар жұмылдырылған.
Арыстық азаматтарға қолайлы жағдайлардың жасалуы қысқа уақытта белгілі болмақ. Және де 700-ден астам тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталған. 4 шілдедегі ақпарат бойынша, Арыс қаласында 180 үйдің ақаулары толығымен қалыпына келіп қалған екен.