Айдың жарығында айтпай келген апаттан арыстық азаматтар қины жағдайға тап болды. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатыны белгілі. Ел болып арыстық азаматтарға барлығымыз қол ұшын созуға дайын екенімізді көрсете білдік. Арыста болған төтенше оқиғаға байланысты, ауданнан арнайы көмек көрсету штабтары құрыла бастады. Барлық саланың мамандары көмекке келуге асықты.
Орын алған жағдайдан кейін штаб төрағасы Бағдат Айдарбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ғ.Жүсіп, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Сағындық, қоғамдық ұйым өкілдері «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен шұғыл жиналыс өткізді. Сонымен бірге Арыс халқына көмек беру мақсатында ауыл кенттерде пункттер ашу, акция өткізуді ұйымдастыру жүктелді. «Біз Арыспен біргеміз» тақырыбында Арыс қаласынан келген азаматтарға көмек көрсету мақсатында өткен шараға, аудан азаматтары белсенділік көрсетті.
Созақ ауданынан құрылған штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков: -Елбасына күн түскен сын сағатында ауданда шаруасын жүргізіп отырған кәсіпкерлерде аянып қалмады. 30-ға тарта кәсіпкер, бірауыздан қомақты қаржы жинап, азық-түлік, киім-кешекпен гигеналық заттар алып, Арысқа жіберді. Атап айтсақ, Тастыбаев Қайрат, Бакенов Нұрлан, Жүсіпов Әбен, Әлметжанов Байкен, Оспанбек Қайрат, Тоқабаев Бектұрсын тағы басқа кәсіпкер азаматтарға айтар алғысымыз шексіз,- дейді, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты.
Айта кету керек Арыс қаласында болған оқиғадан соң, аудан 29 отбасымен оның 125 мүшесі келіп, оларға да ауыл округ әкімдіктері, кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар көмек көрсетті.