Бүгін Шымкентте қоғам қайраткері М.Тынышпаевтың 145 жылдық мерейтойы, сондай-ақ Қазақстан темір жолының құрылғанына 120 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті.

Мұхамеджан Тынышбаев – ұлттың мерейі үшін елдің ертеңі үшін қызмет етіп, Кеңес үкіметінің қанқұмар солақай саясатының құрбаны болған асыл азаматтарымыздың бірі . Қазақтан шыққан тұңғыш темір жол инженері, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, ағартушы-ғалым.

Ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілдерінің бірі Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда қазіргі Алматы облысындағы Қабанбай ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Сол кездері қазақ мектептері болмағандықтан бала Мұхамеджан кішкентайынан орыс тілін жетік біліп өседі. Ол ауыл молдасынан хат таныды. Әкесі де көз ашық адам болғандықтан, ұлының білім алуына көп еңбек сіңірді. Мұхамеджан Тынышбаев ауылдағы орыс балалармен араласып, бірге ойнап жүріп-ақ, орыс тілін үйреніп алады. Жас күнінен оның ұмтылысы, білімге деген құштарлығы керемет болды.

10 жасынан бастап Мұхамеджан Алматыдағы гимназияда оқиды. Алдымен, екі жыл дайындық курсын бітіріп, кейін 8 жыл негізгі оқуын оқиды. Орысша, французша еркін сөйлеуді де осы гимназияда үйренеді.

Мұхамеджан Тынышбаев 1 сыныптан бастап өте жақсы оқыған. Мектепті алтын медальмен бітірген. Бала күнгі арманы тарихшы болу болған. Оның тарихқа деген қызығушылығы ерекше болды.

Еңбекші ауданы әкімдігі және Шымкент көлік колледжінің ұйымдастыруымен өткен турнирге аудандағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталған спорттық турнирдің ашылу салтанатында Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев және М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжінің директоры Ерзат Өтепбергенов сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Футбол жарысы колледж студенттерін отансүйгіштікке, бірлікке, ортада өз ойымен бөлісуге, бір-біріне деген мейрімділікпен сыйластықты арыттыруға баулиды. Сондықтан ауа-райының қолайсыздығына қарамай турниге атсалысып отырған ұйымдастырушыларға, оқушыларға алғыс білдіремін.Ойыншыларға сәттілік. Мықтылар жеңіске жетсін!—деді Д.Амангелдиев.

Айта кетейік, спорттық турнирге іріктеуден өткен 12 команда қатысты. Жеңімпаздар жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.