Бүгін, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Арыс қаласындағы Түркістан штабына барып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып қайтты, деп q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлап отыр.
Елордамыздан 11 компания мен 186 жұмысшы келген болатын. Жергілікті тұрғындарға 38 тонна азық-түлік таратылды. 245 тонна қоқыс шығарылды. Түркістан қаласынан 1 камаз, 1 жүк тиегіш, 1 автобус және 1 су тасушы көліктер жұмылдырылды.
Сондай-ақ, Түркістан және Нұр-Сұлтан қаласы 9-шы учаскеге жауапты болып қала бермек. Онда 600 жеке меншік, 59 көпқабатты үйлер, 6 әлеуметтік және 22 коммерциялық нысандар орналасқан. Соның ішінде 10 жеке үй мен 5 көпқабатты үй тұруға жарамсыз күйге түскен. 30 үй жөнделді, қазіргі уақытта 65 жеке және көп қабатты үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруді.
Дер кезінде және сапалы атқару үшін жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігін қала әкімі алға тартады. Жауаптыларға бекітілген аумақтағы нысандарды өз деңгейінде қалпына келтіру барысындағы нақты тапсырмаларын берілді. Алдағы уақытта жұмыс қарқына бұдан да күшейтілмек.