2019 жылдың 5 шілдесінде Елорда күніне орай Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу жолында елімізге еңбегі сіңген және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды. Аудандық полиция бөлімінің ауласында орнатылған мемориалды ескерткіштің салтанатты ашылуына Сарыағаш ауданының әкімі Қ.Абдуалиев, Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Қожабаев және қаза болған полиция қызметкерлерінің ата-аналары арнайы келді.
Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету және ақпарат алу қолайлығы үшін аудандық полиция ғимаратында халықтық кеңсе өз жұмысын батап отыр.
Жалпы, 2017-2018 жылдар аралығында Сарыағаш қаласы Самал-3 мөлтек ауданында орналасқан тұрғын үйлерге табиғи газ құбырлары жүргізіліп, тұрғын үйге дейін табиғи газ берілген.
Ауданда үйлерге табиғи газ қосу үшін бірқатар тұрғын үйлердің тиісті құжаттары болмауына байланысты тиісті мекемелер көмекке келмек. Аудан әкімі Қ.Абдуалиев тиісті бөлім басшыларымен, аудандық газ шаруашылығы мекемесімен Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарына үйлерді құжаттандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Алдағы уақытта Самал-3 мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерді құжаттандыру мәселесі аудан басшысының тікелей бақылауында болмақ.