Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 86 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының парламент мәжіліс депутаты Нұрлан Ауесбаев атындағы баскетболдан мектепте жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және баскетбол ойынын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында 2011-2012 жылы туылған қыздар арасында турнир өтті.
Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан Президентіміз айтқандай бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Әрі кезек күттірмейтін мәселе. Болашағымыз деп үміт артқан жастарымыздың дені ғаламтордың шырмауынан шыға алмай жатқаны да көңіл құлазытпай қоймайды. Қазіргі қоғам – жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамы және XXI ғасырдың бұл ағымы – қоғам дамуының жаңа дәрежесіне жеткізді. Ақпарат алмасу, қарым-қатынас орнату, жұмыс іздеу, білім алу мүмкіндігі және тағы басқа іс-әрекеттер шынайы әлемге қарағанда виртуалды әлемде жүзеге асатын болды. Интернет жастардың ең сенімді құралдардың біріне айналды.

Сол себепті, балаларды жастайынан спортқа бейімдеу басты мақсатымыздың бірі болуға тиісті.
Турнирдің тартысын ҚР парламент мәжіліс депутаттары Нұрлан Ауесбаев, Гүлдара Нұрымова Данияр Қасқарауов, Ерболат Сатыбалдин, Данабек Исабеков, Наурыз Сайлаубай жә не ҚР аналар қоғамдық қоры бірлестігінің кеңесшісі, Бақытжан Айнасқызы тамашалады.
Жарыста №21 Чехов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, №50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназиясы, №86 жалпы орта білім беретін мектеп, №89 ІТ мектеп-лицейінің баскетболдан қыздар командаларының арасында қызу бәсекелес ойын болды.
Нәтижесінде №86 жалпы орта білім беретін мектебінің қыздар командасы бірінші орынды иеленсе, ІІ орынды №50 А. Байтұрсынов атындағы мектеп –гимназиясының қыздар командасы жеңіске жетті. Ал, ІІІ орынды №89 IT мектеп –лицейінің қыздары лайық деп танылды.
Оқушы қыздар арасындағы баскетболдан жарысты 18 олимпиадалық резерв мамандандырылған спорт мектебінің директоры Серік Карибай, мәдениет салаларының үздіктері Хахмедин Бегимбетов , Абай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Пердебек Дүрментаев, ҚББ спорт бөлімінің басшысы Нартай Күзенбаевтар да қызықтап, тартысты ойындардың куәсі болды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.