Балалар өз күштерін спортта сынап көрді. Мақтаарал ауданына қарасыта Қоңырат елді мекенінде «Еркежан» балалар жазғы сауықтыру лагерінде аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Демалушылар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ сынды ойлау қабілеті мен ақылды қажет ететін спорт түрлерінен өткен сайыстың негізгі мақсаты – лагерь балалары арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау, аталмыш ойын түрлеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру болып табылады.

Жарысқа қатысушы балалар лагерде уақыттарын босқа өткізбегендіктерін көрсетіп отыр. Бір-біріне оңайлықпен есе жібермей тартысты кездесулер өткізді. Десе де, сайыс болған соң жеңімпаз бен жеңілушінің болатыны анық. Сайыс соңында қатарластарынан білімі мен ойындағы тәжірибесінің молдығы нәтижесінде оқ бойы озық шыққан жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылардың алғыс хаттарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Әрбір оқушы ойын жайындағы өз пікірлерімен бөлісіп, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не алғыстарын білдіріп отыр.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.