Өңіріміздің ақсақалдар алқасы мен этномәдени орталық өкілдері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындармен кездесуін өткізді. Арыс қаласына арнайы барған алқа мүшелері «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 млн. 700 мың теңгеден астам қаржы аударған болатын.
«Бүгінде облыстық ақсақалдар алқасының қолға алуымен көптеген игі істер жүзеге асып жатыр. Ең бастысы,тойға тәртіп орнатылды. Жастар тәрбиесіне де баса мән беріліп отыр. Ал қиын кезде Арыстық ағайындардың да қасынан табыла білген алқа мүшелері мен этномәдени орталық өкілдері өзіндік көмектерін көрсетуде», –деді Ұ. Сәдібеков.
Ал Арыс қаласы әкімінің орынбасары Сапар Дәрібай көпшіліктің атынан ақсақалдарға ризашылығын білдірсе, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғани Рысбеков игі іске ұйытқы болған ел ағаларына алғыс айтты.
Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған ақсақалдар тұрғындармен жүздесіп, жағдайларымен танысты.
Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібековтың қабылдауында болып, жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты.