Осы жасқа келіп кейінгі буынға өнеге, алдыңғы толқыннан сабақ алып келеміз. Қасиетті Түркістанды түлеткендер жайлы ойлаған да, ең алдымен Таңғатаровтар отбасын еске аламыз. Кімнің қандай басшы, кімнің қандай тұлға екендігін халық бақылап отырады емес пе… Бүгін СаракүлТаңғатарованың бір болмысына тоқталатын болсақ, ол ең алдымен мерейлі отбасының ұйытқысы.
Жолдасы Асылбекті Түркі стан халқы жақсы таниды.
Өйткені ол азамат қаламызда ең қиын жылдары құрылысшы болды. Түркістанның дамуы жолында едеәуір үлес қосқан жандардың бірі ретінде Асылбек Мақұлбекұлын ерекше құрметтеп, бағалайды.
Адам баласы еңбекпен шынығады, еңбекпен өседі. Осы ретте Саракүлдің бойындағы теңдесіз қасиетінің бірі – ұйымдастыру қабілеті жоғары еді. Мәрбесі биік, үлкен басшы, кіші басшылардың арасында болсын, өзінің жұмысына өте берік болатын. Соған сәйкес білімі де жоғары болды. Облыс, қала деңгейінде өтетін ауқымды шараларда Саракүл сөз алса, ауызтолтырып айтарлықтай мақтауға лайық жан. Себебі, оның сөзі өткір, ойы жинақы, айтары айшықты, қысқа сөйлеп, сөзінің нүктесін дөп қоятын. Қаншама нәзік жанды еңбекке араласып жүрген әйел азаматшалармен салыстырып қарағанда ең мықталары деуге тұрарлық. Тіпті бойындағы қызметке деген құлшыныс кейбір ер азаматтардан асып түсетін. Саракүлдің бойынан мұншалықты қасиеттің кездесуі бір ғана басшыға қатысты емес, айрандай ұйып отырған ұжымына да тікелей байланысты көрінетін. Неге десеңіз, Саракүл басқарған балалар мен жасөспірімдер орталығынан осы уақытқа дейін «Бір шу шықты, біреу арыз жазды» деген әңгімені құлағым шалған емес. Оның барлығы басшының ұжымды ұстай білуінде. Мекемедегі әрбір мүшенің тілін тауып, сол ұжымның анасындай болып, барлығын бір салада біте қайнастырып, ұйымшылдықпен басқару кез-келген басшының қолынан келе бермейтіні белгілі.
Мұндағы ең басты мәселе сен бастық болдың ба, бірінші өзіңе берілген тапсырманы бұлжытпай орындау, екінші сол ұжымның ынтымағын сақтау. Ол бір ұжымның ішінде жақсысы да бар, жаманы да бар. Біреу жақсы айтса, біреу жаман айтуы мүмкін. Бәрінің тілін табу, қызметкерлеріңнің үдесінен шығу, сен өзің қате жіберіп жатсың ба, әлде тумасы сондай ма, ол жағын да ажырату керек. Саракүлді мен басшылық қызметте жүргенде, ұжымның артынан ешқандай шашау шығармай, ұжымды жоғары дәрежеде ұстағанына таң қаламын. Сыртанан бақылап жүрсекте қай мекемеде не болып жатқанынан хабардармыз, той-томалақтарда, ісшараларда бірге боласың, сосын жобалайсың. Бірінші басшысының талабына, ұйымдастыру қабілетіне, ұжымды біріктіруін де үлкен саяси мән бар, әдіс бар. Соны пайдаланып, әр адамның тілін таба білу деген ол үлкен өнер. Анау-мынау адам бастық бола бермейді. Мәселен, Нобель сыйлығының лауреттары бар. Ол дегенің ең білгір адамдар, компьютер, робот ойлап тапқандар, космосқа адам ұшырып, айға қондырып жатқандар, оларды мысалы біз мың жерден ойлағанмен ондай бола алмаймыз, ал сол дүниежүзіндегі, нақтысын айтсақ 200 мемлекеттегі Нобель сыйлығы лауреаттарының бірде-бірі Президент болып сайланған емес. Керемет маман болғанымен, елбасқаруға шығарсаң, оны алып кете алмайды. Ел басқарудың мәні де бөтен, мағынасы да бөтен. Оның талабы да бөтен. Сондықтан сен мың жерден білгіш болып, білімің сұмдық болғанмен, елбасқару бөтен мәселе. Себебі ел басқару үшін жүз түрлі айла болу керек, кіммен қалай сөйлесесің, кіммен қандай жағдаймен кездесесің, президент болу, елбасқару – бір қасиет болса, білімді, данышпан болу – кез-келген жанға бұйыра бермейтін бақ деп білеміз. “Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Асылбек пен Саракүлдің ұлдары Мақсатты көріп, онымен сөйлесіп, бірге қызмет жасап жүріп, оның бойындағы адами қасиетіне таң қаламын. Мақсат Асылбекұлы кешегі күнге дейін мәслихатты басқарды. Адамды билік бұзатынын ескерсек, Мақсат қызмет бабында бірқалыпты, салмақты, жан-жақты ойлай білетін азамат болды. Осындай бойындағы қайталанбас қасиеттеріне қарап, әкім болса да, әкімнің орынбасары болса да жарасады емес пе…
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, Мақсаттың ата-анасының берген тәлімі мен тәрбиесіне, әкесі сияқты таза әрі әділ азамат екендігіне іштей ризамын, әркез тілеулеспін.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сабақтасақ, бүгін Сіз бен біз танитын Таңғатаровтар отбасы бір тақырыпқа арқау болар жандар.
Әйел отбасы ұйытқысы, ол – ана. Ана деген қазақ әйелдерінің ішіндегі салмағы ауыр тіркес. Олай дейтінім, біздің аналарымыз үйіне қарайды, жолдасының қас-қабағын бағады, бала-шағаның жай-күйі, үйдің бітпес тірлішігі бәрі-бәрі ананың мойнында. Одан қалды, қоғамдық тіршілікке араласып, мемлекеттің жұмысына барады. Ал, ер азамат, жұмысына барып келіп, ыстық тамағын ішіп, жұмсақ жастықта жататын жан. Сондықтан да әйелдің, ананың өлшеусіз еңбегі қандай құрметке болсын әбден лайық дер едік.
Қасиетті Құран Кәрімде де тектен-текке жазылмаған, «Пейіш – ананың табанының астында» деп. Бұдан асқан анаға қандай теңеу бар. Ізгілік пен өнегені бір бойына жинаған қазақ қыздары аяулы ана, ұлағатты ұстаз, білікті педагог, іскер басшы, өнегелі әже Саракүлге қарап үлгі алса, тағдырынан адаспасы анық.
Міне, Асылбек пен Саракүл дің еткен еңбектерің ел бағалап “Түркістанның құрметті азаматы “ атағы берді.
Қос құрметті азаматтың тәрбиелеп өсірген тұңғыш ұлы Таңғатаров Алмас “Құрмет “ордені иегері.
Ал, Алмас та Мақсат Таңғатаров та қаламыздың “Құрметті азаматтары” атағына ие.
Сондай — ақ Асылбек Мақұлбекұлы, Сарагүл апай, Мақсат Асылбекұлы үшеуі де “Ерен еңбегі үшін “ төсбелгісі иегерлері.
Бұл атақ — дәреже тектен — текке келген жоқ, бәрі де еңбектің нәтижесі десек қате болмас.
Еңбек терімен ел құрметіне бөленген Таңғатаровтар отбасы — баршаға үлгі демекпін.