Таңгатаров Асылбек Мақұлбекұлы 1959 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді.
Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады-дегендей Асылбек Таңғатаров есімі ел аузында қалған асыл да ардақты жандардың ұрпағы.
Шежіреде сыр шертсек Егемберді атаның Таңатар ұлы болады. Ал, Таңатардың екі ұлы Ануарбек пен Мақұлбек туады.
Мақұлбек ата мен Ақшайым ана отбасыңа құрып, олардың Бейсенбек, Асылбек, Жеңісбек есімді ұлдары мен алты қызы дүниеге келеді. Қыздары :Нәлікүл, Қалбике, Нұрбике, Ләззат, Сабира, Перизат.
Қыздар да, отбасында алған озық тәрбие мен өнегелі бабалар жолымен жүріп, өмірде өз орындарын тапқан жандар. Қоғамда әртүрлі салада еңбек етіп, отбасында саналы ұрпақ тәрбиелеп жетілдіруде.
Қалбибінің тағдырдың жазмышына орай өмірден ертерек өтіп кеткендігі өкінішті — ақ.
Асылбек Мақұлбекұлы сонау 1928 жылы барлық мал — мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылған, бүкіл әулеті қуғын — сүргінге ұшыраған Байназаров Егемберді атаның немересі болып келеді.
Байназаров Егемберді атаның туған ағасы Айназар Түркістан қаласында қырық жылға жуық уақыт билік құрып, “БИ” болған жан.
Айназар би — елдікке ерен еңбек сіңіріп, бөлшекті біріктірді, досты хош, жауды дос қыла білген, өзінің туа біткен жақсы қасиеттерімен өлмес өсиет қалдырып, болмысы бөлек жан болған еді.
Халық оны көзі тірісінде — ақ есімін аңызға айналдырып, құрмет тұтқан.
Ресейдің әскери — әкімшілік билігі өзінен басқа өзгені көрмей, билікке жол атпай тұрса да, Айназар биді атқарған қызметі үшін сыйлап, құрметтеген екен.
Көп ұлтты Түркістан қазақтың алдыңғы қатарда болған Айназар биді әлі де ұмытқан жоқ, ол жайлы аңыз — әңгімелер көп айтылып келеді.
Айназар би Түркістанға келгенде қаладағы он мыңнан астам халықтың мыңы ғана қазақ болған екен. 1872 жылы жаңа заңға сәйкес Түркістан уезд қаласының мәртебесін алады. Халық пен билік арасындағы үйлесімдікті табуда Айназар бидің еңбегі ерекше болады.
Көптеген адамдарды жер аударудан, сотталудан қорғап қалады, салық мәселесін реттейді.
Айназар би сот болып тұрған кезде ел арасындағы қылмыс күрт азайған , жеңіл — желпі қылмыстарды сотқа жібермей өзі әділ шешіп отырған. Жер дауы оңтайлыланған . Оның сот қызметі мерзімі біткен соң Бабай|қорған елді мекенінің халқы Түркістан ауданының жоғарғы кеңесіне өкіл етіп сайлайды. Айназар биде көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтындай бір кісілік болған. Айназар би өзінің ақ тілектерімен, сәуегей баталарымен көптің көңілінен шыққан батагөй де еді. Халықтың өзіндік қазақ болмысынан айрылып қалмауында, “орыс азаматына “ айналып кетпеуінде Айназар бидің еңбегі орасан болған. Өз елін әділдікке, парасаттылық қа, мәдениеттілікке жетелеген абзал бабамыз бүкіл Түркістан өлкесінің мерейін асырып, мыңдаған ұрпаққа үлгі көрсеткен жан еді.
Ал інісі Байназар қазақ жерінде алғаш болып қаракөл қойын әкеліп, оны кеңінен көбейтіп сауда жасаған. Мал шаруашылығын жетік меңгеріп, мал асырап, бақуатты болуға халықты баулыған жан болған.
Асылбек Мақұлбекұлы жастайынан ата — бабалары жайлы аңыз — әңгімелерді тыңдап өсті, оларды тыңдап қана қой май олардың асыл қасиеттерін бойына сіңіріп, олардың салып кеткен сара жолымен жүріп өмір сүрді алдына мақсат етіп қойды. Дүние — мүліктің көптігінен зардап шегіп, қуғын — сүргінге ұшыраған отбасының мүшесі болғандықтан тарихтың осы кезеңдерін терең зерттей жүрді. Асылбек ағамыз жеті атасы жайлы жақсы біледі, өз бабалары жайлы “Егемберді” деген атты кітап жинақтады.
Асылбек Таңғатаров Бухара облысы, Гиждуан ауданында дүниеге келген. Сол жақтың үрдісімен туу туралы куәлікке Таңатаров деп жазудың орнына Таңғатаров деп жазылған. Осы өзбекше бір ғ әрпі қосылған фамилия, сол жылдардың айғағы секілді түйіледі.
Бала кезінде үлкендер Гиждуан жерінен шығысқа қарай “Ана құмның аржағында сенің ата — жұрттың бар”-деген сөздер Асылбек ағаның жадынан кетпей, ата жұрты жайлы көп ойланады.
Жалпы Бұхара мен Түркістанның арасы жарты мың шақырым болып, ертеде осы аралықта адамдар түйемен емін — еркін жүріп сауда жасаған екен. Бабаларымыздың базары Бұхара болған.
Содан бабаларының мал — мүлкі көбейіп, “кәмпескеге” ұшыраған. Қызылдар мал — мүлкін тартып алып, Егемберді атаны Солтүстікке жер аударып жіберген.
Заман тыныштала бастаған соң Таңғатаровтар отбасы қазіргі Отырар ауданының Мұрынқарақ өңіріне көшіп келген.
Асылбек ағаның әжесі есімі елге таныс Айшуақ бидің қызы еді. Ол немересі Асылбекті бауырында басып өсірді.
Сөзге шешен, әрбір сөзін мақалдатып сөйлейтін әжесі бар мейірімі немерелері төгіп, оларды аңыз, әңгімелерімен, ұлағатты сөздерімен тәрбиелейді.
Әже тәрбиесін көрген баланың ерекше болып жетіледі де сөзсіз ғой.
Түнді таңға ұластырып ертегілер айтып, жастайынан адалдыққа, жақсы мен жаманды танытуға ықпал еткен әже сөздері Асылбек ағаның бір сәт те есінен шыққан емес.
Сол жердегі “Ақтөбе” совхозының орталығында ғы мектеп — интернатта оқып, білім алған.
1975-1980 жылдар аралығында қазақ химия –технологиялық институттың инженер-құрлысшы факультетінің «Промышленное және гражданское строительство» факультеттің тамамдап, инжинер — құрылысшы мамандығына иеленді.
Алғаш рет еңбек жолын 1980-1986 жылдар аралығында Түркістан Құрылыс басқармасында мастер қызметін атқарды.
Кейіннен 1986-1987 жылдары архитектура бөлімінде инженер болып еңбек етті.
1987-1990 жылдары қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, саяси ұйымдастырушысы болып тағайындалды
1990-1993 жылдар аралығында «Түркістан құрылыс» трестінің бас инженері қызметін атқарды.
1993-1994 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
1994-1997 жылдары ең бірінші сайланған маслихат депутатының хатшысы болды.
1997-1998 жылдары Түркістан қала әкімінің орынбасары болып, адал еңбек етті.
Еңбекте алда болып, өз қызметін жоғары деңгейде атқарғаны үшін 1998-1999 жылдары Шымкент қаласындағы техникалық қадағалау дирекциясының бас маманы болып сайланды.
1999-2000 жылдары «Тұран» жобалау орталығының менеджері,
2000-2004 жылдары «Жібек жолы Қазақстан» жобалау орталығының менеджері
2004-2005 жылдар аралығында «Түркістан Құрылыс» мемлекеттік мекемесінің техникалық қадағалау бөлімінің бастығы,
2005-2012 жылдары «Түркістан-Құрылыс» ЖШС-ның директоры,
2012 жылдан «Егемен -құрылыс» ЖШС-ның директоры қызметін атқарып келеді.
Түркістан қалалық маслихат депутаттарының ең бірінші сайланған қалалық мәслихат депутаттарының бірінші сессиясы 1994 жылдың наурыз айының 30-шы жұлдызы күні өтіп, мәслихат депутаттар жиналысының хатшысы болып сайланды. Ол сессияға сайланған 25 депутаттың 24 қатысып, балама негізінде 14 дауыспен мәслихат хатшысы болып сайланды. Ол кезде мәслихат бірінші болып сайланғандықтан отыратын орын, құрал жабдықтар болған жоқ, осы мәселелерді шешу үшін қала әкімі С. Сүгірбаевпен бірлесе отырып шешімін тапты.
Егемендік алған алғашқы жылдары экономиканың құлдырауынан
қаланың экономикалық, әлеуметтік салаларына өте күрделі кезең болды. Бюджеттен қаржыландыратын мекемелер қызметкерлері 6 айлап, зейнеткерлердің жалақылары 5-6 айлап төленбей кешіктіріліп отырды. Қалада электр қуаты , жылу жүйелері, су жүйелері уақытылы қызмет көрсете алмады,мұның бәрі қаржы тапшылығынан туындады. Жалпы коммуналдық, өндірістік, бюджеттік мекемелерінде қысқартулар жаппай орын алды. Барлық сала жұмысшылары қысқартылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Түркістан тұрғындары үшін экономиканың құлдырауы,инфляция,бюджет тапшылығы күрделі мәселе болып тұрды. Қалалық мәслихат депутаттары осы мәселелерді шешуде өз құзіреттері шеңберінде үлестерін қосты.
Асылбек Таңғатаров — Түркістан қаласының бірінші сайланған мәслихат депутаты, мәслихат депутаттарының (алғашқы) хатшысы.
Әрине, өткен күн — тарих,
Келер күн — жұмбақ, Ертеңгі күн – сыр,
Ал бүгінгі күн үлкен сый !!!
Мемлекеттің мызғымас мықтылығы мен қоғамның тұрақтылығы үшін отбасының дұрыс болуы аса маңызды. Отан отбасынан басталады дегендей отбасының татулығын, бірлігін сақтап, сыйластығын арттырып, еңбекқорлығымен дараланып жүрген Таңғатаровтар бабалары жолымен үлгілі отбасы болып танылды.
Қасиетті Түркістан өңіріне еңбегі сіңген отбасы Таңғатаровтар әулеті қазақ баласына біткен құндылықтарын атадан балаға және келешек ұрпаққа салынатын сара жолды көрсетіп отыр. Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған туған өлкеміздің өркендеуіне қаланың болашағына Таңғатаровтар отбасының қосқан үлесі мол. Иманды ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасы 2014 жылы Түркістан қаласы бойынша ұйымдастырылған «Үлгілі отбасы» байқаудың жеңімпазы болып, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың бас жүлдесін иеленіп, мерейі үстем болып, қаламыздың мәртебесін көтерді. «Отбасы шағын мемлекет демекші», бұл отбасы тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасыларының бірі. Ата-ананың тілегі адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі адал болып өскенің Қара шаңырақтың ақылшысы, арқа сүйері – Асылбек ағамыз бен қамқоршымыз — Сара апайымыздың отандасқанына — 50 жыл. Отағасы – Таңғатаров Асылбек Мақұлбекұлы – Түркістан қаласының бірінші сайланған мәслихат депутаты,алғашқы қалалық
Отаннан кейінгі қасиетті ұғым –отбасы.
Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек. Осындай үлгілі отбасының бірі киелі Түркістан қаласының Құрметті азаматтары Таңғатаровтар отбасы, Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы.
Отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз.
Отбасының ұйтқысы, Отағасы Таңғатаров Асылбек Мақұлбекұлы — Түркістан қаласының бірінші сайланған мәслихат депутаты, алғашқы қалалық мәслихаттың хатшысы,отанасы ардақты ана, аяулы әже Таңғатарова Саракүл Еркінбекқызы бес баланы тәрбиелеп ұлын ұяға, қызын қияға қондырған , 25 немере- шөберелерін тәрбиелеп отырған аяулы әже, ардақты ана, аяулы әже.
Қазақта сүйек жаңғырту деген үрдіс бар емес пе
Негізі Сара апай Асылбек ағайға жиен болып та келеді.
Олардың ата — аналары бір — бірін жақсы танитын болған, туыстық қарым — қатынаста ғы адамдар еді.
Сара апайдың ата — анасы текті жандар, әжесі ел арасында батагөйлігімен танылған.
Сондықтан да болар Асылбек аға мен Сара апайымыз тал бесіктен отбасында алған тәрбиелерін өмірде орынды қолданып, қоғамда да, отбасында да тек жақсы жағынан танылып келеді.
Қаннан өткен қасиет Асылбек аға мен Сара апайдың ұлдарына да дарыған.
****
Әлемде сан мыңдаған мамандық бар.Солардың ішінде инженер-құрылысшы мамандығы мұғалім және дәрігер мамандықтарымен бір сатыда тұратын маңызды мамандықтардың бірі.Себебі,қазіргі таңда неше түрлі зәулім,көздің жауын алатын ғимараттар толассыз салыну үстінде.Ал инженер-құрылысшы мамандығы осы ғимараттарды салу ісімен айналысады.Бір ғимаратты салу үшін бір ғана инженер-құрылысшы мамандығы жеткіліксіз.Инженер-құрылысшының қасында инженер-жобалаушы немесе сәулетші және т.б. маман иелері жүреді.Сәулетші салынатын ғимараттың сызбасын сызып,тіпті қажетті материалдарды да анықтап береді.Ал құрылысшы-инженер болса соны есептеп, сәулетшінің жұмысын жалғастырады.Бүгінгі күні ғана емес,келешекте де маңызын жоғалтпайтын мамандықтардың бірі – осы инженер-құрылысшы.
Асылбек аға өзі осы мамандықты таңдап, өз мамандығына адалдық пен қарап, саналы ғұмырын осы мамандыққа арнады.
Түркістан құрылысы тарихында есімі ұлы маманның бірі десек қате болмас.
Еткен еңбек еш кетпейді емес пе, оның құрылыс саласындағы еңбегін жоғары бағалап “Республиканың құрметті құрылысшысы” төс белгісімен марапаттады.