Сарыағаш ауданының әкімі Елорда күнінің қарсаңында Қ.Абдуалиев, Ұлттық біріңғай тест сынағынан 130 баллдан жоғары жинаған оқушыларды арнайы қабылдап, салтанатты жағдайда марапат жасаған болатын.
Жылда оқу жылының барысында оқушыларға сапалы білім беруге барлық аудандар күш жұмсайды. Нәтижесінде келесі жылдың ортасында белгілі болады. Көпшілік ойлаған, көздеген нәтижелеріне жетіп жатады.
Бүгінгі жиын барысында облыстық, республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен ҰБТ сынағында 130 балдан жоғары жинаған түлектерді аудан әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттауды жөн көрді.
Жалпы, биылғы оқу жылы аудан үшін өте нәтижелі болып отыр. Аудандағы білім деңгейінің көрсеткіші жоғары болып, өткен жылдармен салыстырғанда сапа деңгейі көтерілгендігін айтып өтті. Сондай-ақ, аудан әкімі ҰБТ сынағынан ең жоғары көрсеткіш 140 балл жинап, аудан абыройын асқақтатқан Жұбай Қасымжан Адилжанұлын арнайы құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты мен ноутбук сыйға тартты. Анасы Темирова Венераға иығына қамзол жауып, қаржылай сыйлықтар берді.
Сонымен қатар, Қасымжан Жұбай – биыл ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған түлек. Ол Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы №37 Б.Майлин атындағы орта мектептің түлегі екен. Алға қойған мақсаттарына жетуге тілектеспіз!