Қазақта :”Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады “-деген нақыл сөз бар. Осы нақыл сөз қазақтың нарқасқа тұлғасы Нәзір Төреқұлов тың ұрпақтары Таңғатаровтарға да арналғандай.
Бабалары Айназар би де ел басқарған, халықты бірлік пен ынтымақта, қаншама қиындықтардан құтқарған ел есіңдегі жан еді. Түркістан тарихында ойып алар орны бар, 20 жылдан астам Түркістан округын басқарған жаны Жомарт, ақылы асқан, пайым — парасаты ерек Айназар би жайлы архивтерде көп мәліметтер сақталған.
Жеті атасын зерттейді келсе, Таңғатаровтар ел басқарған билер мен ел кәдесіне жаралған азаматтар болғандығын білеміз. Қаннан келген қасиет Асылбек Мақұлбекұлына да дарып, Түркістанның алғашқы маслихат хатшысы болып еңбек етті.
Ол құрылыс саласында ерен еңбек етіп, “Қазақстанның құрметті құрылысшысы” атағына ие болды.
Республикалық “Мерейлі отбасы “ бай|тауының жеңімпазы болған Таңғатаровтар отбасында төрт ұл, бір қыз тәрбиеленді.
Қазіргі таңда барлығы да жоғары білімді, отбасылы, өз саласы бойынша елге қызмет етуде. Ал, Асылбек ағаның и үшінші ұлы Мақсат Таңғатаров бабалары жолымен жастайынан еңбекқор болып жетіліп, бұл күндері Сауран ауданын басқарып отыр.
Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы 1981 жылы 23 қыркүйекте Түркістан қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Экономика» және «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.Еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің есепшісі, (Бөлімге қарасты Сырдария, Ойық, Жалаңтөс, Көксарай, Игілік, Шоқтас, Шойтөбе бастауыш мектептерінің, Білім бөлімі аппаратының есепшісі) болып бастаған. 2007-2010 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің бас есепшісі, 2010 жылы Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас маман-бас есепшісінің міндетін атқарушы, 2010-2012 жылдары Түркістан қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерия бөлімінің бас маман-бас есепшісі қызметтерін атқарды.2012-2017 жылдары Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2017-2019 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдары аралығында Түркістан қаласы әкімдігінің «Туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Урбанистика бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы, «Qurylys Nurcity» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болды. 2021-2023 жылдары жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаты, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы қызметтерінде болды. Ал, 2023 жылы шілде айынан Сауран ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.