Мамыр айының 25 — 29 аралығында Астана қаласындағы Назарбаев университеті нде студенттердің спорт лигасы финалы өтті.
24 мамыр күні Азия чемпионатында күрестен 1 орын иеленіп, Түркістанға олжамен оралған Әбдісадық Халилаев отбасында небәрі 4 сағат болып, студенттерімен осы спорт лигаға қатысуға сапарға шықты.
Әу бастан ақ өздеріне сенімді, мықты бапкер дің тәрбиесін алған шәкірттері алғашқы күннен бастап, жеңіске жете бастады.
Еліміздегі 16 жоғарғы оқу орнынан финалға қатысушылар арасынан Түркістан жастары спорттың қазақ күресі бойынша бірінші орынға ие болып, спорт лиганың бас кубогын жеңіп алды.
Жекелей сайыста ұлдар да, қыздар да 1,2, 3 орын иеленіп, медальдарымен марапатталды. Бұл жеңіс Халилаев ағайдың кезекті жетістігі еді.
Халықаралық қазақ — түрк университетінің профессоры, Самбодан әлемнің жеті дүркін чемпионы Түркістандық Әбдісадық Халилаев — нағыз еңбек адамы. Халилаев Әбдісадық Нұрлақұлы 22.05.1957ж Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Бабайқорған елді мекенінде дүниеге келген.
1975-1979жж. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік денешынықтыру және спорт институтында білім алған.
1982-1985 жж. Алматы қаласындағы халық шаруашылық институтын еңбектен қол үзбей сыртқы бөлімінің есепші – экономист мамандығын сырттай оқып
Самбодан ХДСШ, қазақ күресі мен дзюдо күресінен КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші
2009 жылы Литва мемлекетінде Каунас қаласында өткен Әлем чемпионатында I – орын.
2010 жылы Прага қаласында өткен Әлем чемпионатында I – орын
2012 жылы Африка Кассобланка қаласында Әлем чемпионатында I – орын
2013 жылы Болгария мемлекетінің Бургась қаласында өткен самбодан Әлем чемпионатында І- орын
2008 жылы Минск қаласында өткен Әлем чемпионатында II – орын
2007 жылы Грецияда өткен Әлем чемпионатында III – орын
2011 жылы қазан айында Греция мемлекетінде өткен Самбодан Әлем чемпионатында ІІІ- орын
2011 жылы 7- қысқы Азияда ойындарының алаугері
- 1979 – 82 жылдар аралығында Түркістан аудандық спорт мектебінде аға жаттықтырушы, “Қайрат” ерікті спорт қоғамының төрағасы қызметін атқарды.
- 1982 – 86 жылдар аралығында Алматы политехникалық институтында аға – оқытушы қызметін атқарды.
- 1986 – 91 жылдар аралығында Түркістан аудандық спорт мектебінде аға жаттықтырушылық қызметін атқарды.
- 1991 жылдан қазіргі таңға дейін Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінде қызмет атқарып келеді. Күрестің үш түрінен (дзюдо, самбо, қазақша күрес) Кеңес одағының спорт шебері атағын алды.
Осы еңбек жолында 50 тарта Қазақстан Республикасының спорт шеберлерін, 6 халықаралық дәрежелі спорт шеберін, Әлем және Азия жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындайды. 1985 жылдан Самбо күресінен Шымкент, Түркістан облысының аға жаттықтырушысы
1993 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт министрлігі Қ.Р. еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы
1997 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен “Доцент” ғылыми атағы берілді.
2003 жылы жоғары кеңестің шешімімен ХҚТУ-нің сенатының шешімімен “профессор” ғылыми атағы берілді.
2004 – 2005 жылы Түркістан қаласының жыл адамына ие болды.
2006 жылы Москва қаласында Дүниежүзілік самбо федерациясының шешімімен “Халықаралық дәрежедегі төреші” атағы берілді.
2006 жылы Түркістан қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
2011 жылы 10 қараша ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ президентінің Жарлығы бойынша №29891 «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды
2012 жылы Россия, Беларусия, Украина, Қазақстан мемлекеттерінің Үлкен Энцоклапедиясына енген
2013 жылғы 26 маусымдағы № 225 бұйрық Қазақстан Республикасы спорт және денешынықтыру істері агентінің шешімі бойынша «Қазақстан Республикасының Денешынықтыру мен спортын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
— 2015 жыл ҚР-да дзюдоның дамуына көп үлес қосқаны үшін Дзюдо Тарланы орденімен марапатталды
— 2015 жылы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Спорттың ізбасарларын даярлаудағы қосқан үлесі мен ғылыми-ідістемелік жұмысты дамытудағы елеулі еңбегі үшін төсбелгісімен
— 2016 жыл 29 наурыздағы №161 бұйрық Қазақстан Республикасы спорт және денешынықтыру істері комитеті шешімі бойынша «Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағы берілді.
— 2018 ж 31 наурыз айындағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімі негізінде «педагогика ғылымдарының профессоры» атағы берілді
— Монголия мемлекеті Самбо күресін дамуына үлес қосқаны үшін төс белгісімен марапатталды
— 2021 жылы ХІ-ші Жоғарғы оқу орындары арасындағы Универсиада алаугері