Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жүріп жатқан секторлардың жұмысымен танысып шықты. Барлық облысқа қарасты тұрғын үйлерді де аралап көрді. Әуелі Жамбыл облысы штабына аялдап, жұмысшы топпен кездесу өткізді. Жөндеу жұмыстары бойынша әрбір штаб онлайн жүйеде есеп беріп отыру қажеттігін ескертті.
Жамбыл облысына қарасты 3-сектордағы жөндеуден өтіп жатқан жеке тұрғын үйлерді көріп, атқарылған жұмыстарды жалғастыруды сұрады. Тұрғындармен кездескен Өмірзақ Естайұлы барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары 1 айда аяқталып, қала жаңа кейіпке енген.
Сонымен қатар, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген еді. Оның ішінде, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлерді қалпына келтіру жұмысы жалғасуда. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр.Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқарып жатыр.
Ө.Шөкеев Атырау облысына қарасты 1-сектордың жұмысымен танысты. Атыраулық аймаққа 450 нысан қарайды екен. Батыстық 9 компаниядан 200-ге жуық жұмысшы жөндеу жұмыстарына белсене кіріскен. Құрылыс жұмыстары уақытында және сапалы етіп аяқталуы күтілуде.