Арыста жөндеу жұмыстары басталып кетті. Алғашқылардың бірі болып Жамбыл, Атырау, Қарағанды облыстары іске кірісті, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі.
Жалпы қалада 7 708 үй тізімге алынды. Шамамен бұл үйлердің 85%-на зақым келген.
Қазір бүлінген баспаналарды актілеу, есептеу жұмыстары аяқталуға жақындады. Енді қалған өңірлер де бастайды.
Барлық аймақтардан жұмысшы бригадалары жиналуда.
Бұдан бөлек 66 әлеуметтік нысан — ауруxана, мектеп, мәдениет үйлері бар. Оларды «Самұрық-Қазына» қоры жөндейтін болады. Қордың атқарушы директоры Арман Жетпісбай бастаған топ есептеу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Арыс қаласының аумағы 17 секторға бөлінген еді. Оның ішінде, Жамбыл облысына 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары жүктелген. Бұден бөлек, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысандар бар. Қазіргі таңда жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер өз аумағындағы үйлерді қалпына келтіру жұмысы жалғасуда. Соның нәтижесінде 5 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып отыр.Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша жамбылдық 16 құрылыс компаниясының 180 құрылысшысы жұмылдырылған. Олар қазіргі таңда 43 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын қызу атқарып жатыр.