Денсаулық – зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса екіншісі – денсаулық.
Бүгін репродуктивті денсаулық апталығы аясында «Арбат» демалыс аймағында дәрігерлер жасөспірімдерге арнап “Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз” атты шара өтті.
Профилактикалық шарада қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Жастар денсаулық орталығының уролог гинеколог,психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу мен оған күрес орталық қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараға қатысқан жастар спорттық шараға белсенді қатысып,өзара сайысты. Жарыста үздік атанған жастарға марапат беріліп түрлі сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Шараның мақсаты – халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
«Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай, қоғамда денсаулыққа зиян тигізетін кейбір әлеуметтік ауытқушылықтар, теріс қылықтар кездеседі. Сондықтан да, елімізде әсіресе жастар тәрбиесінде салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әр-түрлі шаралар ұйымдастырылуда.
Салауатты өмір салтын ұстануда ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет.Қазіргі таңда халқымыздың дене шынықтыруға және спортпен байланысты көген тартыс, атшылар жарысы, асық ойындары және басқа да небір түрлі ойындары бар.
Ертеңгі күні әрқайсысы мемлекеттің дамуына, ұлттық құндылықтардың сақталуына, халыққа қызмет ететін жастардың жаман әдеттерден бойларын аулақ салып, төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын саналы, сауатты, салауатты азамат болып қалыптасқаны маңызды.