24-30 маусым аралығында елде репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Оны Шымкентте қалай өткізетінін Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Сансызбайқызы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында, оқушылар лагерлері мен жастар орталығында Ашық есік күндері өтеді.
Сондай-ақ, білікті мамандар жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, отбасын жоспарлау, адам папилломавирустары, ерте жастан жүктіліктің алдын алу бойынша жұмыс жүргізетін болады.
Брифигте сөз алған Денсаулық сақтау басқармасының өкілі, қазіргі жағдай бойынша баяндама жасады.
— Қазіргі жағдайда репродуктивті денсаулық мәселелері жыныстық өмірдің ерте басталуына, отбасындағы жыныстық тәрбиенің жеткіліксіздігіне, білім беру бағдарламаларының болмауына байланысты жасөспірімдер үшін ең өткір болып табылады, бұл қауіпті жыныстық мінез – құлыққа, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтыру қаупінің жоғарылауына, қалаусыз жүктілікке, мектепке нашар қатысуға және үлгермеуге әкелуі мүмкін. Жыныстық қатынастың ерте басталуы осы саладағы білімнің төмендігімен, контрацепцияның құралдары мен әдістері туралы нашар білумен және оларды жеткіліксіз қолданумен бірге жасөспірімдерде жүктіліктің өсуіне, түсік жасатудың көбеюіне және жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының нашарлауына әкеледі. Сонымен қатар, жасөспірімдердің жасы неғұрлым жас болса, соғұрлым олар түсік жасатады,-деді Сәуле Сансызбайқызы.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесі Айнұр Жүгінісова бұл мәселенің тікелей тәрбиеге байланысты екенін баса айтты.
— Тәрбие тал бесіктен. Ұлтымыздың өткеніне зер салсақ, ешқашан қыз баласы оң босағада отырып жүкті болмаған. Қазір бұл біздің қоғамда үйреншікті жағдай. Республикалық статистика бойынша Шымкент қаласы жасөспірімдердің жүктілігі және зорлық-зомбылық бойынша екінші орында тұр. Бұл мән беретін мәселе. Сондықтан алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау арқылы бұл дерттің алдын аламыз деп сенемін,-деді Айнұр Жүгінісова.