Аутизм – бас миы жетілуінің ақаулары салдарынан дамитын психологиялық бұзылыстар. Бұл туа біткен ауру болса да, 3 жас және одан кеш мезгілде анықталуы мүмкін. «Аутизм» сөзінің аудармасы – өз ішкі дүниесіне кіріп кеткен адам немесе өзінің ішіндегі адам. Мұндай аурумен адамдарда әлеуметтік қарым-қатынас пен эмоционалдық тұрғыдағы бұзылыстар болады.
Қазіргі таңда аутизмнің нақты себебі белгісіз. Бұрынан бері осындай бұзылыстардың себебі гендер құрылымының зақымдануы мен оның бас миындағы синапстық байланыстарға тікелей әсер етуімен байланысты деп есептелген. Ал қазіргі уақытта аутизмнің пайда болуы ұрықтың жатырішілік дамуы кезінде болатын мутацияға байланысты деген болжамдар кең таралуда. Статистика көрсеткіштері бойынша орташа есеппен 1000 адамның ішінен 6 адамда аутизм кездеседі. Бұл ретте осындай бұзылыстар қыздарға қарағанда ұлдарда 4 есе жиі байқалады.
Шымкент қаласы Оңтүстік медициналық академиясының ғимаратында «Психиатрия мен тәуелділіктің заманауи аспектілері» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің мамандарына арналған семинар басқа жиындарға қарағанда ерекше форматта, өзекті тақырып аясында ұйымдастырылған.
Жалпы елімізде психикалық бұзылулар мен тәуелділіктерді диагностикалау, емдеу және олардың алдын алу бойынша жұмыстар жиі жүргізіліп келеді.
Дегенмен, соңғы жетістіктер мен инновациялық тәсілдерді талқылау үшін психиатрия және наркология саласындағы жетекші сарапшылар мен спикерлердің тәжірбиесі қажет. Сондықтан Психикалық денсаулық орталығының жетекшілігімен өткен семинар дәл осы мәселелер аясында болды.
Семинарға ДДҰ-ның Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық бюросының психикалық денсаулық жөніндегі Еуропалық коалициясының консультанты, Шығыс Еуропа елдеріндегі Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың өкілі, жоғары санатты психиатр дәрігері Николай Негай және м. ғ. д. профессор, ҚРМУ НУО психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі С. З. Ешімбетова, білікті дәрігер невролог Назира Асанқызы қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.