Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып жақында тағайындалған Мейіржан Мырзалиев, қысқа уақыттың ішінде өңірдің даму қарқынын күшейтуде нақты қандай қадамдар жасау керектігі туралы өз сұхбатында қысқаша тоқталып кетті. Өңірдегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, пайымды пікірін ортаға салды. Алдағы уақытта Мейріжан Иябайұлының нақты шешімдері ел игілігіне жарап, қызметіне сәттілік тілейміз!
- Мейіржан Иябайұлы, қазіргі таңда облыста инвестицияларды тарту экожүйесі кеңінен ұсынылған. Осыған тоқтала кетсеңіз ?
Сонымен қатар, өңірге инвестицияларды тарту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында таяу уақытта инвестициялар мен экспорттың жеке басқармасы құрылатын болады. Сондай-ақ, өткен жылдың қазан айында «Түркістан» ӘКК » АҚ базасында инвесторларға қызмет көрсететін өңірлік фронт-кеңсесінде сөз сөйлейтін «TURKISTAN INVEST» арнайы инвестициялық компаниясы» құрылды.
- «Бір терезе» сүймелдеу жүйесінің мақсаты қандай?
- «TURKISTАN INVEST» жұмысы тарту және сүйемелдеу бағыты бойынша, оның ішінде монополистердің сервистік қызметтерін алуға жәрдем көрсету бойынша сегменттелген. «Бір терезе» қағидаттарында инвестициялық жобаларды толық сүйемелдеу жүйесі құрылды. Әрбір инвестициялық жобаға жауапты қызметкер бекітілді, ол 24/7 режимінде жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
- «Investor House» инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды ма?
- Инвесторлар үшін «One Stop Shop» қағидаты бойынша қызметтердің толық спектрін ұсыну мақсатында облыс әкімдігі Түркістан қаласының салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығында «Investor House» инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру мәселесі пысықталуда. Осы орталықта барлық даму институттарын, монополистерді және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды орналастыру алдағы жоспарларымыздың бірі.
- Мейіржан Иабайұлы, сіздің қолдауыңызбен инвестицияларды тарту бойынша жұмысқа жобалық басқаруды енгізу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін қамтитын жобалық кеңсе құрылды. Кеңсенің атқаратын негізігі жұмысы?
- Жобалық кеңсенің мақсаты әлеуетті инвесторлардың нысаналы тізбесін сәйкестендіру бойынша бірыңғай базаны қалыптастыру және облыстың инвестициялық әлеуетін тұрақты талдау болып табылады.
Бұдан басқа, өңірдің әлеуеті туралы ақпаратты және бос жер учаскелерін көрсете отырып және қажетті инфрақұрылым бар интерактивті инвестициялық картаны қамтитын бірыңғай ақпараттық портал құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ осы портал электрондық форматта құрылыстың басталуы туралы хабарлама алғанға дейін инвестициялық жобаны қарау жөніндегі уәкілетті органға өтінім беруден бастап қадамдық дәйектілікті көздейтін инвесторлар үшін ақпараттық-мониторинг жүйесін қамтитын болады.
- Түркістан облысы әкімдігі инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өңірге тартылған инвестиция көлемі көп па, аз ба?
- 2018 жылы облысқа 288,1 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсу қарқыны 2017 жылға қарағанда 101,2% құрады. Бұл ретте, өңдеуші салаға инвестициялар көлемі 20 млрд.теңгені құрады немесе 21,2% өсті (республика бойынша 7-орын). Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 161,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе өсім 11%.
Сонымен қатар, аталған жұмыс бизнесті жүргізу және инвестицияларды жүзеге асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында құрылған.
- Түркістан облысына инвестиция тарту және шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты жолға қою мақсатында қандай ұсыныстар мақұлданып жатыр? Жалпы сыртқы істер министрлігі мен оның дипломатиялық өкілдіктеріне өңірге инвестиция тарту мәселелерінде қиындық бар ма?
- Шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықтың сақтандыру форматымен қатар өңір-аймақ форматын күшейту қажет. Мұнда Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның елшіліктері жанындағы фронт-офис қызметкерлері тарапынан мақсатты мүдделі елдердің аймақтарымен тікелей шетелдік әріптестермен байланыс орнату және іздеу бойынша қолдау қажет. Және де «deal» схемасы бойынша (инвестициялар тарту), сондай-ақ «non-deal» схемасы бойынша (имидждік іс-шара) облыстың инвестициялық жобалары мен әлеуетін «Road Show» өткізуге жәрдем көрсету. Өз кезегінде облыс әкімдігі қызығушылық танытқан инвесторлардың тізімін бірлесіп пысықтауға дайын.
Сондай-ақ, біз әлеуетті шетелдік инвесторлардың отандық серіктестермен байланысын жолға қоюға, тиісті іс-шараларды ұйымдастыруға, соның ішінде тікелей болатын елге бару арқылы екі кездесулерге қажетті көмек көрсетуге дайынбыз.
Жалпы, сыртқы істер министрлігі мен оның дипломатиялық өкілдіктеріне өңірге инвестиция тарту мәселелерінде көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіргім келеді.
- Тартымды сұхбатыңызға рахмет!
А.Түйетаев