Тіршілігі қайнаған, диқаны жерге тоймаған, қазыналы- қуатты , шұғылалы -шуақты , тамыры тереңге жайылған, Қожа Ахмет Иассауи бабамыз мәңгілік орын тепкен Түркістан қаласында ,» Ұлы дала елі» орталығында көркем туындылары арқылы халқымыздың дәстүрін әлемге танытып жүрген жерлесіміз, Түркістанның тумасы, қазіргі таңда шырайлы Ташкент қаласында тұратын қылқалам шебері Гүлмира Досыбекованың «Туған жерге тағзым» атты жеке шығармашылық жобасы аясындағы сурет көрмесінің ашылу салтанаты болып , оған Ресейден, Өзбекстаннан , сондай- ақ өз елімізден суретшілер қатысып, мазмұнды көрмемен танысты.Түркістан тұрғындары , зиялы қауым өкілдері қатысқан көрмені аталмыш орталық директоры Гүлжанат Дюсенбаева сөз сөйлеп ашты.
Кіндік қаны киелі Түркістанға тамған, , N 9- шы Некрасов атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ- нің халықаралық қатынастар факультетін тәмәмдаған Гүлмира Пернетайқызының бала күннен бергі қиял- арманының орындалып, шыңына шыққан күні болды бұл. Италияның дизайн мектебінде білім алды. Көрген көріністерін қылқаламмен өрнектеуге асығып тұрады. Шет жерде, жырақта жүрсе де, табиғатына, болмысына біткен ой кеңістігі, білім тереңдігі, қоршаған орта мен айналадағы құбылысты ерекше қабылдауы, жан- дүниесіндегі арпалыстар мен тебіреністер тыныш жатқызбай, ақ қағазға, суретші полотносына сырлы сурет болып өрнектеле берді. Көрмеге қойылған әрбір туындыдан түркістандық қылқалам шеберінің бойына ұшқан ұядан, білім алған мектептен, өскен ортадан сіңген ұлттық дәстүріміздің иісі аңқып тұр десек артық айтпаспыз.Кез-келген шығармашылық туынды— автордың ішкі жан- дүниесінің айнасы. Суретшінің салған суреті арқылы оның өмірін, ұстанымын, пайым- сезімін айқын аңғарамыз. Гүлмира Пернетайқызының көрмесін аралай жүріп, көпшілік назарына ұсынылған картиналардан өмірге құштарлықты, туған жерге сағынышты,туған халқының салт- дәстүріне құрмет пен бағалауды, жалпы жан- жағына нұр шашқан, күндей жарқыраған ашықтықты , бүкпесіз ақ ниетті көрдік.
Бүгінгі жобамда туған жеріме ,Түркістан еліне, Түркістан жеріне деген сағынышымды туындым арқылы білдіргім келді. Осы жобаны басқа елдерге көрсетер алдында өз еліме, өз туған жеріме тағзым етіп, алдымен сіздерге көрсеткім келді. Бұл көрме бір аптадай тұрады. Келіп көрем деген қызығушылар болады деп ойлаймын.Бұған өте қуаныштымын. «Ұлы дала елі» орталығының директоры Гүлжанат Ибраһимқызына Түркістан төрінен, ұлттық музейден орын ұсынып, осындай мүмкіндік туғызғанына үлкен алғысымды білдіргім келеді.»Көре-көре көсем боласың»- демекші, қай жерде жүрсең де,туған жер есіңнен шықпайды екен. Жұмыс бабымен шетелдерде көп жүреміз. Сонда байқағаным, өз еліңнің құндылығын, бағасын сыртта жүргенде біледі екенсің. Жат жерде жүріп сағынады екенсің. Сол кезде мен өзімнің сезімдерімді қылқалам құдіреті арқылы осы туындыларыма түсірдім. Бұл менің ешқандай ережеге,ешқандай нұсқауларға бағынбайтын өзімнің ойым.Өзімнің толғанысым.Өзімнің тебіренісім.Туған жерімді сағынғанда салған суреттерім.Осы туындыларымды басқа елде де көрсетсем деген мақсатым бар. Қазақ халқының дәстүрлерін, кеңпейілділігін, қонақжайлылығын, ұлтымыздың салтын осы шығармашылық еңбектерім арқылы білдіргім келеді. Сондықтан да» Туған жерге тағзым» атты халықаралық жобамның тұсаукесер қадамын киелі Түркістан төрінде, қасиетті «Әзіреті Сұлтан» кесенесінің жанынан бастадым. Ендігі ойым, көп жылғы арманымдай болған осы жобаны ары қарай дамыта беру,халқымның інжу- маржан өнерін өзге елдерге де көрсетіп, насихаттау.
Негізі, суретке деген әуесқойлығым бала кезімнен пайда болды. Кез- келген жерде отыра қалып сурет салатынмын. Ал енді қазір шетелде жүргесін туған жерге деген сағынышым бұрынғыдан да артып, сурет салуды бұрынғыдан да көбейттім. Әкеле алмаған көп туындыларым Ливанда қалып кетті. Бейрут қаласында біраз уақыт жұмыс бабымен тұрған едік. Шамамен жүзден аса туындым бар. Бүгінгі көрмеме қырық жеті туындымды әкелдім . Бұйыртса, бұл дүниежүзілік жоба болайын деп тұр. Көптеген шетелдерге шақырту алдым. QR- код арқылы және онлайн көрмелер ұйымдастыруға да машықтанып жатырмын. Біздің халқымыздың салт- дәстүрлеріне , жалпы түркі әлемінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық басым,»- деді бізбен әңгімесінде бүкіл жан- дүниесі, жүрегі » туған жерім, халқым» — деп соққан суреткер ару.
Автордың өзі айтып өткеніндей, көрменің көш басында күн шапағының шұғыласына бөленген көрініспен байланыстыра салған Қ.А.Иасауи бабамыздың кесенесі мұнартады. «Бақуаттық сандығы», «Төрт көзің түгел болсын!», «Қошқар-ожау, пиала», «Жұлдызы жанған қыз» немесе» Бикеш» деген картиналардан қазақ халқының, туған жер- Түркістанның сипатын, көрінісін, автордың ішкі жан- дүние тебіренісін байқайсыз. Байқайсыз да, туған өлке, ата дәстүр, салт- санаға деген сезімнің ернеуінен асқан көл- көсір, кең дариялығына қайран қаласыз. Адамзат баласының бойына Жаратқан ием небір қасиеттерді сіңіргенмен, соның ең ұшқыры, таңдаулысы сыртқа жарып шығады екен. Гүлмираның жаратылысына осы дәйекті түйіннің қатысы бар секілді. Бала күнінде музыкаға құмартты. Фортепиано класына барып, оны игергеннен кейін тігіншілік пен дизайнға құштарлығы басталды. Абай атамыздың «Өнерді үйрен де жирен»- деген қағидасымен бұл өнерді де меңгеріп, қызығушылық танытып, әуесқой кәсіпке айналдырды. Негізгі мамандығы етіп халықаралық қатынастар саласын таңдады. Табандылығы, білімге құштарлығы бұл биікті бағындыруға да оң ықпалын тигізді. Бірақ, иә, бірақ, бәрібір суретшілік қасиеті алдыңғы қатарға шығып, өнбойында лықсып тұрған өнер жарыққа шықты. Шамшырақтай алға бастады. Міне, сол шамшырақты шырақ етіп, Әзіреті Сұлтан бабаның алдына келді. Тағзым етті. Үлкендердің батасын алды! Осы жетістіктің бәріне жетуде, ұшқан ұяның, отбасындағы тәрбиенің, бүкіл саналы ғұмырларын ұстаздық еңбекке, ұрпақ тәрбиесіне, қазақ руханиятының дамуына жұмсаған көзі ашық , көкірегі ояу Шәдікүл анасы мен Пернетай әкесінің арқасы. Досыбековтер отбасындағы алғашқы қағида- жан- дүние тазалығы, рухани байлық, терең білім Гүлмираға да тәрбиемен берілді десек артық айтқандық емес. Әкесі Пернетай Досыбекұлы құрметті еңбек демалысына шықса да, халқының намысын қорғап, ел тұлғаларын дәріптеуден шаршамай келеді. Қазақ халқының тарихи тұлғалары, атағы шыққан үш бидің бірі Қазыбек бидің ескерткішін орнату жолындағы жанкешті бейнетін көзімен көріп, терең ой түйген. Шәдікүл ана да қазақтың тілі мен әдебиетін жас ұрпаққа үйретуден жалықпаған жан. Олардың адамдармен қарым- қатынасы, өзара сыйластығы мен қонақжайлығы өз алдына бір төбе. Кешегі күні Өзбекстаннан шашбауын көтеріп келген он екі құрбысы Гүлмираның перзенттік бақытына, ата- анасының кең пейіл, дархан жүрегіне қызыға, тамсана қараған. Осындай ата- анадан туып өнерлі болмау мүмкін бе? «Қан тазалығы- тәңірден, ар тазалығы- тәрбиеден»- деп тегін айтылмаса керек. Қала берді, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан»- алтын ұя мектебі мен ұлағатты ұстаздарын қалай ұмытар? Сондықтан да, көрменің ашылу салтанатына сүйікті ұстазы Несіпкүл Мейманханқызы Утебаева мен сол кездегі мектеп директоры Светлана Николаевна Кернді шақырып, қуанышымен бөлісті. Ұстаздар шәкіртімен, шәкірті ұстаздарымен мақтанып, жүрекжарды тілектер айтылды. Не деген ғажап бұл өмір деген! Осындай әрбір бақытты сәт күш- қуат береді. Жаңа табыстарға бастайды. Өмірлік жары Рахымжан екеуі өсіріп отырған бес перзентіне де осындай ұстанымын айтып отырады. Қалай болғанда да , бұл бір ерекше шаттық сыйлаған, жаңа армандарға бастаған күн болды Гүлмира Пернетайқызы үшін.
Автордың өзі айтып өткеніндей, көрменің көш басында күн шапағының шұғыласына бөленген көрініспен байланыстыра салған Қ.А.Иасауи бабамыздың кесенесі мұнартады. «Бақуаттық сандығы», «Төрт көзің түгел болсын!», «Қошқар-ожау, пиала,»»Жұлдызы жанған қыз» немесе» Бикеш» деген картиналардан қазақ халқының, туған жер- Түркістанның сипатын, көрінісін, автордың ішкі жан- дүние тебіренісін байқайсыз. Байқайсыз да, туған өлке, ата дәстүр, сал- санаға деген сезімнің ернеуінен асқан көл- көсір, кең дариялығына қайран қаласыз. Адамзат баласының бойына Жаратқан ием небір қасиеттерді сіңіргенмен, соның ең ұшқыры, таңлаулысы ұшқын болып сыртқа шығады екен. Гүлмираның жаратылысына осы дәйекті түйіннің қатысы бар секілді. Бала күнінде музыкаға құмартты. Фортепиано класына барып, , оны игергеннен кейін тігіншілік пен дизайнға құштарлығы басталды. Абай атамыздың» Өнерді үйрен де жирен»- деген қағидасымен бұл өнерді де меңгеріп, қызығушылық танытып, әуесқой кәсіпке айналдырды. Негізгі мамандығы етіп экономика саласын таңдады. Табандылығы, білімге құштарлығы бұл биікті бағындыруға да оң ықпалын тигізді. Бірақ, иә, бірақ, бәрібір суретшілік қасиеті алдыңғы қатарға шығып, өнбойында лықсып тұрған өнер жарыққа шықты. Шамшырақтай алға бастады. Міне, сол шамшырақты шырақ етіп, Әзіреті Сұлтан бабаның алдына келді. Тағзым етті. Үлкендердің батасын алды! Осы жетістіктің бәріне жетуде, ұшқан ұяның, отбасындағы тәрбиенің, бүкіл саналы ғұмырларын ұстаздық еңбекке, ұрпақ тәрбиесіне,қазақ руханиятының дамуына жұмсаған көзі ашық , көкірегі ояу Шәдікүл анасы мен Пернетай әкесінің арқасы. Досыбековтер отбасындағы алғашқы қағида- жан- дүние тазалығы, рухани байлық, терең білім Гүлмираға да тәрбиемен берілді десек артық айтқандық емес. Әкесі Пернетай Досыбекұлы құрметті еңбек демалысына шықса да, халқының намысын қорғап, ел тұлғаларын дәріптеуден шаршамай келеді. Қазақ халқының тарихи тұлғалары, атағы шыққан үш бидің бірі Қазыбек бидің ескерткішін орнату жолындағы жанкешті бейнетін көзімен көріп, терең ой түйген. Шәдікүл ана да қазақтың тілі мен әдебиетін жас ұрпаққа үйретуден жалықпаған жан. Ата- анасының адамдармен қарым- қатынасы, өзара сыйластығы мен қонақжайлығы өз алдына бір төбе. Кешегі күні Ресейден, Өзбекстаннан шашбауын көтеріп келген әрі әріптес, әрі дос- жар он екі құрбысы қазақ халқының кең қолтық жаратылысына, таза табиғатына, соның ішінде отбасының тату- тәтті өміріне, Гүлмираның перзенттік бақытына, ата- анасының кең пейіл, дархан жүрегіне қызыға, тамсана қараған. Әсіресе, баптардың бабы Арыстанбаб, қасиетті Қ.А.Иасауи баба, Үкаша ата басына зиярат ете барғандағы дәстүр- салттарымызға, ата- ана, бауырларының ұйымшылдығына, отбасы құндылығына қайран қалды олар. Осындай ата- анадан туып өнерлі болмау мүмкін бе? «Қан тазалығы- тәңірден, ар тазалығы- тәрбиеден»- деп тегін айтылмаса керек. Қала берді, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан»- алтын ұя мектебі мен ұлағатты ұстаздарын қалай ұмытар? Сондықтан да, көрменің ашылу салтанатына сүйікті ұстазы Несіпкүл Мейманханқызы Утебаева мен сол кездегі мектеп директоры Светлана Николаевна Кернді шақырып, қуанышымен бөлісті. Ұстаздар шәкіртімен, шәкірті ұстаздарымен мақтанып, жүрекжарды тілектер айтылды. Не деген ғажап бұл өмір деген! Осындай әрбір бақытты сәт күш- қуат береді. Жаңа табыстарға бастайды. Өмірлік жары Рахымжан екеуі өсіріп отырған бес перзентіне де осындай ұстанымын айтып отырады. Қалай болғанда да , бұл бір ерекше шаттық сыйлаған, жаңа армандарға бастаған күн болды Гүлмира Пернетайқызы үшін.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Светлана Николаевна Керн мен Несіпкүл Мейманханқызының жүрекжарды тілектері, Ресей суретшілер қауымдастығының мүшелері Мадина Такенова мен Анна Каурованың туындыларын кәсіби бағалауы қанат бітіргендей еді. Әсіресе, өзі үшін аса қымбат» Екі апа- сіңлі» деген бауырмалдықтың шыңын шапанның бір жеңін апалы- сіңлілі екеуі құшақтасып ортақ киіп тұрған панно тек суретші достарын ғана емес, көрмеге келушілердің де қызығушылығын тудырды. Гүлмира Пернетайқызының көрмесіне , негізінен,майлы бояу, акрель, текстуралық паста, алтын- күміс жалатылған полотнолары қойылған.
Сондай- ақ, «Ливан. Зайтуна- пляж,» «Ливан. Библос» тақырыбындағы көркем туындылардан суретші еңбегінің жан- жақтылығын аңғарамыз. «Магнолия», «Қызғалдақтар» атты паннолары Гүлмира Досыбекованың табиғат әсемдігіне, жарқын өмір символы- гүлге құмар жан- дүниесін паш етіп тұрғандай. Сонымен, түркістандық қауымның төл перзентінің » Туған жерге тағзым» көрмесінен туған жерге деген сүйіспеншілігі пен халқына деген махаббатының айқын көрінісін сезінгені анық!
Көрменің ашылу салтанатында Түркістан облысы білім басқармасының облыстық қосымша білім беру -дамыту орталығының «Алғыс хаты» табыс етілуін қылқалам шеберінің еңбегіне берілген баға деп қабылдадық.
«Құрметті Досыбекова Гүлмира Пернетайқызы!
Сізге халықаралық көрме ұйымдастыруда елеулі үлес қосқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек ететініңізге сенімдімін! Барлық бастамаларыңызға сәттілік! Зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін!»- деп жазылған орталық директоры Бақытжан Ешенқұловтың қолы қойылған «Алғыс хатта».
Қазақ елінің дәстүр- салты мен өнерін әлемге паш етудегі еңбегіңіз жемісті болсын, қылқалам шебері Гүлмира Пернетайқызы!