Өңірімізде көпбалалы аналарымыз бен жас кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында түрлі қаржылай гранттар берілуде. Әр аудандарымыздан кәсібін ашамын деген кәсіпкер аналар мен жастарға толық мүмкіндік жасалған. Түркістан облысы, Ордабасының ауданының тұрғыны «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде грант жеңіп алды, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аталған жоба ішінде кестелі жайнамаз, сәбилерге арналған киімдер жиынтығы, қыз жасаулары, той бастар және тағы басқа қолөнер бұйымдары бар. Өз кезегінде жеке кәсіпкер Өскенбай Ақниет Бақытжанқызы орталық қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, Түркістан облысында 2019 жылдың жарты жылдығына өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,1%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 4,7%-ға артты. Жалпы өңірлік өнім өсімі 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда +4,8%-ды құрады. Сондай-ақ өңірдегі шағын орта бизнес субъектілерінің саны 138 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға өскен. Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласынан кейін 2-орында тұр. Жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 133,7 млрд. теңгені құрап, 39,6%-ға артты.
Мысалы, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, КММ-нің Ордабасы аудандық өкілдігі мамандарының сүйемелдеуімен ЖК «Румейса» атынан Өскенбай Ақниет Бақытжанқызы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде компьютерлік кестелеу және лазерлік нақыштау жобасымен 3 000 000 тенге грант жеңіп алып отыр. Кәсібіне нәсіп берсін!