Келес ауданының депутттары жергілікті ақсақалдарға, арыстық азаматтарға дастархан жайып берді. Және де Келес ауданының мәслихат депутаттары ұйымдаса отырып, Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайдан зардап шеккен 12 сектор аумағында орналасқан тұрғындарына бір дастархан басына жинада. Ол жерде де ас берілді, деп хабарлайды q-content.kz ақпараттық порталының тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жалпы, Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садиковта жиылған тұрғындарға сабырлық, шүкіршілік жайында насихат айтып, Құран оқылды. Арыстықтар үшін дұға етілді. Келестік депутаттардың қайырымдылық асына белсене қызмет еткен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарына аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков алғысын білдірді. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға Келестік депуттар тарапынан қаржылай көмек берілді. Көңілдеріне жылулық сыйлап қастырынан табылған Келес халқына арыстық тұрғындар ризашылығын білдірді.
Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков арнайы келіп, Арыс халына деген ерекше ықыласы үшін Келес аудандының халық қалаулыларына алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс жөндеу жұмыстары жөндеуден өтіп жатқаны мәлім болды.