Бүгін көлік қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Бұл саласыз мемлекет, жалпы әлем бойынша қозғалу, жүк тасымалдау және көлік-логистикалық әлеуетті дамыту мүмкін болмас еді.
Бүгінгі таңда отандық көлік саласында 400 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жыл сайын жүк тасымалының көлемі артып келеді. Биыл қаңтар-маусым айларында бұл көрсеткіш 474 млн тоннадан астам жүкті құрады. 760 миллионнан артық жолаушы қазақстандық тасымалдаушылардың қызметін пайдаланған.
Қоғам өмірін көлік саласынсыз елестету мүмкін емес. Бұл саладағы қауiпсiздiктi қамту, көрсетiлетiн қызметтi сапалы ету маңызды.
Осы мақсатта Шымкентте қоғамдық көлік, әуе және темiржол көлігі қызметтерін дамыту бағытында қыруар жұмыс атқарылып жатыр.
Автомобиль, теміржол, су, авиациялық көліктердің барлық қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймыз! Жұмыстарыңызда сәттілік, отбасына амандық тілейміз!
Қазіргі таңда медициналық қызметтің сапасын жақсарту өзекті мәселенің бірі. Ал жедел медициналық қызмет жеделділікті қажет етеді. Иә, мұнда адам тағдыры тұр. Мегаполис шаһарда осындай жауапты салада жүргізуші қызметін абыроймен атқарып жүргендердің бірі – Жандос Әділбаев.
Жандос Нағашбекұлы 2016 жылдан бері жедел медициналық жәрдем көрсету станциясында жүргізуші болып жұмыс істейді. 1990 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2009-2011 жылдары әр түрлі салада еңбек етті.
Білікті маман 1 ұл, 3 қыздың әкесі.
Үздік жүргізуші әрдайым жас мамандарға тәлімгер болып, тәжірибесімен бөлісіп, олардың еңбекке деген құштарлығын арттыруға да өз үлесін қосып келеді.
Қызмет барысында білікті маман, қоғамдық жұмыстарда да белсенді азамат.
Алғашқы медициналық көмек көрсетудің деңгейін көтеруде әлеуметтік маңызды шараларға үлес қосып, қала халқына сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізді. Түрлі төтенше жағдай кезінде тәжірибелі маман ретінде алғы шепте жүріп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.