Тамыз айының бірінші жексенбісінде Көлік қызметкерлері күні атап өтіледі.Сондай саланың бірі диспетчерлік қызметі деп айтсақ болады.Диспетчерлік қызмет кәсіпорынның өндірістік бөлімше бригадаларының ағымдағы, жоспарлы және авариялық жұмыстарын үйлестіреді.
Кезекші диспетчердің қарамағында схемалар, жабдықтың техникалық сипаттамалары, байланыс құралдары бойынша келіп түсетін мәліметтер, есептеулер — бригадалардың жұмысына басшылық жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрі бар.
Лихачева Надежда Федоровна «Ман Оңтүстік» ЖШС диспетчері болып жұмыс істейді, өз еңбегі үшін «Құрметті автокөлікші» төсбелгісіне ие болған. Ол мұндай марапатқа ұзақ жылдар бойғы жемісті жұмысы істеп, Шымкент қаласының жолаушылар тасымалы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ие болыпты.
«Мен еңбек жолымды 1987 жылы бастадым, бірінші автопаркте диспетчер болып жұмыс істеуге келдім, ал 1996 жылы «Ман Оңтүстікке» ауысып, осы күнге дейін осында жұмыс істеймін. Мен зейнетке шыққанға дейін әлі екі жыл жұмыс істеуім керек.
Мен жүргізушілермен және кейде жолаушылармен жұмыс істеймін. Біз жанжалдарды шешуге тырысамыз, телефон қоңырауларын қабылдаймыз.
Диспетчердің міндеттеріне жүргізушілерді таңғы сағат бесте жолға шығару кіреді, олардың құжаттарына қол қоямыз, қозғалыс кестесін сақтауды, салондағы тазалықты, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды ескертеміз. Кейін біз олардың GPS навигациялық спутниктік жүйесі бойынша жұмысын бақылаймыз.
Кешке олар келгенде құжаттарды қабылдаймыз, жұмыс үшін рахмет айтамыз.
Біз әрдайым сапалы қызмет етуге тырысамыз. Кәсіби мерекеде автопарк өркендеп, кеңейе берсін, барлығына және жүргізушілерге амандық тілеймін. Ең бастысы, жүргізушілеріміз жол апатына түспей, жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізе берсін, — дейді Надежда Федоровна.