Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Шымкент қаласының ашық біріншілігі өтті.
Біріншілікке өңірімізден 140-қа жуық жас балуан іріктеліп, 11 салмақ дәрежесі бойынша бөз кілемде белдесті. Кіл мықтыны анықтау қазылар алқасына да оңайға соқпады.
Жарыстың шымылдығын ашқан Шымкент қаласы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Сәменбекұлы спортшыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі таңда қазақ күресі елімізде, оның ішінде оңтүстік аймақтарда белсенді дамуда. Өзінің ежелгі және берік күрес дәстүрімен танылған Шымкент қаласында бұл жарыстың өтуінің негізгі себебі де осы. Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамыту қажеттігін аз айтқан жоқ. Еліміздің барлық жерлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, спортпен белсенді айналысатын адамдар көбейді. Ең бастысы салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып жатыр. Алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары баршамыз көптен күткен тарихи сәт болмақ. Біз ұлттық ойындарымызды, өнерді жастар арасында дәріптеуді ары қарайда қолға ала береміз,- дейді Маратбек Мықтыбеков.
Жарыс қорытындысы бойынша әртүрлі салмақ дәрежесіндегі боз кілем палуандары анықталып, ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен медальдар табысталды.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — этникалық спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық жарыс.
2024 жылдың 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.
Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.