Бүгін Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне 31 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкент қаласындағы Д.Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Көрнекті тұлғаның рухына тағзым етуге келгендер арасында Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Дінмұхамед Ахметұлының үзеңгілестері, көзін көрген замандастары мен қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері бар. Еске алу шарасын ұйымдастыруға Шымкент қаласында Д.Қонаев атындағы мұражай және әр түрлі қоғамдық ұйым өкілдері де атсалысты.
Сонымен қатар, бұл іс-шараға Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент өкілдігінен жазушы, қаламгер Бекшүкір Қаршалов, Захардин Қыстаубаев та қатысты. Жиналған көпшілік ішінде жастар жағы да аз емес. Атап айтсақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология және журналистика факультетінің бітіруші студенттері де бұл іс-шарадан қалыс қалмапты.
– Дінмұхаммед Қонаев – кеңестік кезеңдегі мемлекеттік және қоғам қайраткері, Қазақ ССР Коммунистік партиясының бірінші хатшысы. Ол – үш дүркін Социалистік еңбек ері, бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған қазақ еліндегі көрнекті тұлға. Жүзден аса ғылыми еңбек жазған академик. Ал, ең бастысы ол туған халқының игілігі жолында адал еңбек еткен адал азамат. Біз Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолын жас ұрпаққа үлгі-өнеге ете беруіміз керек, – деді Шымкент қаласының мәслихат төрағасы Б.Нарымбетов.
Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев тарихи тұлғаның өмір жолы мен атқарған қызметі жайлы толыққанды баяндап өтті. Ол Дінмұхамед Қонаевтың ізігілікті істерін өскелең ұрпаққа насихаттауды естен шығармауымыз керектігін атап өтті.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.