Шымкент қаласында биыл әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту шаралары бойынша елеулі өзгерістер мен жетістіктер орын алды. Қалада жұмыспен қамту шараларын нақты көрсеткіштер мен мақсаттарға сай жүзеге асырылуда.

2019 жылдан бері халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына бизнес-жобаларын іске асыру үшін 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз гранттар беріледі. Биыл Шымкентте 426 адамға грант беру жоспарланған болатын, бірақ комиссияның шешімімен 428 адамға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұл жоспардың артығымен орындалуының себебі – комиссия мүшелері қаржы бөлуді оңтайландырып, қосымша екі жобаны қаржыландырды. Гранттар мал шаруашылығынан қызмет көрсету саласына дейінгі түрлі бағыттарға бөлінді.

Сондай ақ, 2024 жылдың алғашқы жеті айында 7 797 отбасындағы 40 419 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың саны азайғанымен, 1-6 жас аралығындағы балаларға берілетін қосымша төлемдер жалғасуда. Қазіргі таңда, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға беріледі.

Ал қалада 41 406 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында түрлі құралдар мен қызметтер беріліп отыр. Мысалы, протездік-ортопедиялық құралдарға 6 520 өтініш қабылданып, 4 111 құрал қамтылды. Сонымен қатар, мүгедектерге арналған қол арба, тифлотехникалық құралдар және жеке көмекші қызметтері де көрсетілуде. Шипажайларға жолдама алуға 11 607 өтініш қабылданып, 6 314 азамат қамтылды.

Шымкенттің әлеуметтік бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылуы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл шаралар халықтың әл-ауқатын арттыру мен қоғамның барлық мүшелерінің тең мүмкіндіктерге ие болуын қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатыр.

 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.