Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай жергілікті халыққа ауыр тиді. 24-ші маусым күні болған жарылыста жан қайғысымен адамдар бас ауған жақа қашқанын көрдік. Түрлі тағдырлардың тәлкегін елестетудің өзі жүрекке ауыр тиді. 40 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр еді. Құдай сақтап, адам шығыны аз болды. Бүкіл қазақ елі бірігіп, арыстықтарға көмектесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа арнайы келіп, қаланы қалпына келтіру жөнінде тапсырмалар берді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен 17 сектор құрылған болатын. Әр секторға бір облыс немесе қала әкімдігі және Түркістан облысындағы аудан, қала әкімдіктері жауапты болып бекітілді. Және де әкімдікке қарасты мекемелердің басшылығы, қызметкерлері жүктелген тапсырмаларды күн-түн демей сауап істер жасалынып жатты. Төртеуіміз түгел болып, арыстықтарды төрге шығара алғандай болдық.
Өңірлік әкімдік құрылыс жұмысына тікелей жауап берсе, аудан әкімдіктері тұрғындарды тіркеу, өтемақыға құжаттарын жинау, гуманитарлық көмек көрсету, тазалық және өзге де жұмыстарға жауапты болды. Облыстық штаб құрылды. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұ.Сәдібеков пен өзге де штаб мүшелері әр сектордың жұмысын бақылап, тұрғындармен күн сайын кездесіп жүр. Арыз-шағымдарын тыңдап, әрбір мәселені шешуге атсалысуда.
Кішік болса да, ұлық болып жүрген қаржылық мекемелер де жергілікті кәсіпкерлердің арыз-шағымдарын тыңдап, қаржылай мәселелерін шешумен шапқылап жүрген жағдайлар бар. Солардың біріне — «Ырыс» микроқаржы ұйымы» жатады. Осы мекеменің директоры Данияр Арынғазинмен әңгіме-дүкен құруға сәт түскен болатын.
Данияр Манатжанұлы, жақында Арыс қаласының кәсіпкерлері жинап облыс басшысы жиын өткізген болатын. Сіздердің мекемелеріңіз тікелей осы жинға жауапты ретінде тіркелді. Өңір басшымыз жиын соңында қаржылық басқармаларға тапсырмалар беріп кетті. Сол тапсырмалар орындалып жатыр ма?
Ия, өңір басшымыз Өмірзақ Естайұлы қаржылық ұйымдарға тікелей тапсырмалар жүктеген болатын. Қазіргі таңда, айтылған тапсырмалар бойынша қаржылық мекемелердің басшыларымен бірлесе жұмыс жасап жатырмыз. «Тату елдің тамағы таусылмайды» демекші, жұмыла жұмыс жасап жүрміз. Жергілікті қаржылық басқармалар Арыс кәсіпкерлеріне арналған бағдарламаларын толық еңгізді. Жұмыстар жан-жақты жүріп жатыр. Бағадарламалар қатаң бақылауға алынды. Келесі күні көпбалалы ана мен жас кәсіпкерге 2-5 миллион теңгенің қаржысы қарастырылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің қолынан, «Ырыс» микроқаржы ұйымының атынан арыстық үш азаматқа қаржылық сертификаттар табыстадық.
Арысқа өзіңіз жиі барып жүрген көрінесіз. Яғни, ауданның халқымен, кәсіпкерлерімен тығыз байланыс жасап жүрсіз. Жергілікті халықтың жағдайын жақсарту бағытында алдағы уақытта қандай жұмыстар атқарылмақ?
Арыста орын алған апаттан кейін халық көп ұзамай үйлеріне көшіп келгені дұрыс болды. Арада арандатушылар көбейіп кеткен еді. «Ынтымақ жүрген жүрген жерде, ырысы бірге жүреді» дегендей, халықтың ауызбіршілігі жеңіп жүр. Өздеріңіз білетіндей Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы жергілікті халықпен бір ай тұруға сөз беріп, сол сөзінде тұрып келеді. Облыс басшысы Арыста атқарылып жатқан барлық құрылыс жұмыстарын бастан-аяқ қатаң бақылауына алып отыр. Тіпті, шөп оратын «комбайынға» отырып шөп орып, қолына шанытқы ұстап шөп артып, шаруаларға көмекке келді. Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны қатаң бақылаудың арқасы десек болады. Тіркелген жарамсыз үйлердің 1800-ден астамы қысқа уақытта жөнделіп бітуі оңай шаруа емес. Бұдан бөлек Түркістан қаласында да құрылыстар жүріп жатыр. Жақында Арыс қаласында азық-түліктер аразан бағада сатылған жәрмеңкелер өтті. 300-400 тонна азық-түлік сатылымға түсті. Одан бөлек барлық облыстардан тонналап қажетті заттар жеткізіліп жатыр. Барлық өңіріміздегі жеке кәсіпкерлер қаржылай көмек беруден де аянып қалып жатқан жоқ.
Өзім бүгінгі күнге дейін, қол астымдағы қызметкерлерімен бірге Арыс қаласына күнде ат басын тіреп жүрміз. Бастапқыда Түркістан-Шымкент-Арыс қалалары арасында іс-сапарлармен күндіз-түні тынбай жүгіріп жүрген ұйқысыз күндерім де болды. Кей күндері екі сағат ұйықтап, Арысқа жұмысқа шығып жүрдік. Әрине, арыстықттарға барлығы қолынан келген жағынан көмекке келіп жүр. Біз секілді мыңдаған мекемелер де шет қалмауға тырыстық. Түркістан облысы әкімшілігінің тапсырмалары толық орындалып жатты. Әкімшіліктің қолдауымен «Ырыс» микроқаржы ұйымы «Қамқор» бағдарламасын да іске асырып, кәсіпкерлердің жыртығын жамап жүр.
Данияр Манатжанұлы, Арыс қаласына Сіз басқарып отырған «Ырыс» микроқаржы ұйымы» қандай көмектер көрсете алды? «Қамқор» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға нақты тоқтала кетсеңіз?
Қазіргі таңда, «Қамқор» бағдарламасы аясында 103 өтініш қабылданып, оның 50-ге жуығын «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі өз қаражатын қосып, кәсіпкерлерге қаржы бөлуге құжаттарын дайындап отыр.
Арыс қаласына жақын орналасқан ауылдарға жеңілдетілген несие берілмейтінін айта кетейін. Тек, Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арналған бағдарлама болып саналады. Сонымен бірге құжаттарды менеджерлер тиянақты тексерістен өткізуде. Ал, комиссия мүшелері аз қаржыны қайтарымы жоғары жобаларға беруге тырысуда.
Бүгінгі таңда, «Қамқор» бағдарламасы аясында арыстық алты кәсіпкерлерге 15 миллион теңгенің несиесі берілді. Өз қаражатынан «Ырыс» мекемесі бар-жоғы 200 миллион теңгенің көлемінде көмекке бөліп отыр. Жеңілдетілген несие алушылардың қатары көп болғандықтан бұл қаржы барлық кәсіпкерге жетпейтіні айтпасақ та түсінікті. «Қамқор» бағдарламасының жеңілдетілген несиесін беруде, «Ырыс» микроқаржы ұйымы қаржы көздерін ұлғайту барысында басқа да жолдарды қарастыруда. Шеттен қаржы тартылып жатқан жағдайда халыққа хабарын бере жатармыз.
«Қамқор» бағдарламасының шарттары: жылдық мөлшерлемесі – 1 пайыз, мерзімі — 48 айға дейін, 6 ай жеңілдік қарастырылған және 5 миллионға дейін кепілсіз беріледі.
2019 жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсеңіз. «Ырыс» микроқаржы ұйымы несиеге таратуға қаржыны қайдан табады? Әлде, несиені мекеме өз қаражатынан беріп отыр ма?
«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің мемлекетіміздің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында жылда қаржыландырып отырған жобаларын көбейтіп жатыр. Мысалы, осы бағдарлама бойынша бірінші жарты жылдықта «Ырыс» микроқаржы ұйымы 581,5 млн. теңгеге 102 жобаға несе беріп, 200 адамды жұмыспен қамтыған.
Ал, жыл басында «Аграрлық» несие корпорациясынан келіп түскен 1,69 млрд. теңгені егіншілерге «Ырыс» қызметкерлері дер кезінде таратып үлгерді. Және де «Еңбек» бағдарламасына бөлінген 185 миллион теңгені де игеріп, «Аграрлық» несие корпорациясынан 115 миллион теңгенің қаржысын игеруге кірісіп кетті. Биыл сонымен қатар өңірлік кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Даму» қорынан 407 миллион теңге толық игерілген болатын. «Даму» қорынан шілде айында келіп түскен қосымша 568 миллион теңгенің қаражаты өңірлік кәсіпкерлерге жыл соңына дейін таратылмақ. Қаржылар жылдың соңына дейін толық игерілуі тиіс.
Қазіргі таңда, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өз қаражатынан 1,2 миллиард теңгені Түркістан облысының кәсіпкерлеріне бөліп отыр. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі жергілікті кәсіпкерлерге 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында 1145 жобаға 3,5 миллиард теңгенің несиесін таратып үлгерген.
«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің 2019 жылдың 6 айлық көрсеткішіне жоғары баға беруге болады. 1 526 238 000 теңгеге 485 жобаны қаржыландырған. Оның ішінде: мал шаруашылығы — 250 жоба, 1 376 000 теңге; жылыжай – 854 жоба, 1 697 85 000 теңге; қызмет көрсету жобалары – 29 жоба, 293 118 000 теңге; Лизинг – 7 жоба, 99 457 000 теңге; Нан дайындау – 1 жоба, 3 500 000 теңге; Жылыжай құрылысы – 4 жоба, 40 000 000 теңге; Көктемгі егін – 841 жоба, 1 690 000 000 теңге. Жоғарыда айтылған барлық бағдарламалардың пайыздың мөлшерлемесі республика бойынша ең төменгі болып саналады. Кәсіпкерлерге өте тиімді шарттар да қарастырылған.
Егін шаруашылығына алған аудандардағы кәсіпкерлердің қайтарымы қалай?
Бүгінгі таңда, Түркістан облысының аудандарында егіншілер егіндерін егіп, еңбектеріне орақ түсіп жатқан жайы бар. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен жылда несие алатын егіншілердің қатары көбейіп келеді. 2019 жылы да әлеуеті артып жатқан Мақтаарал, Шардара мен Жетісай аудандарын айтуға болады. Жер телімдерін тиімді пайдаланып жүрген осы ауданның егіншілерінен «Ырыс» мекемесі берген несиелер толық қайтып жатады. «Ырыс» мекемесі осылай аудандық кәсіпкерлердің ырысын беріп жүрген жайы бар. Егістігін орып алған егіншілеріміз жәй-жәй өз төлемдерін төлеп, несиелерінен құтылып жатыр.
Данияр Манатжанұлы, сіз басқарып отырған қаржылық мекеменің бағдарламалары қандай шарттарды қарастырады және олардың кәсіпкерлерге тиімділігі жайында қысқаша тоқтала кетсеңіз?
«Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің басқа да жеңілдетілген бағдарламалары жұмыс жасап жатыр. Мысалы, билғы жылан бастап көпбалалы аналарға арналған «Кәсіпкер ана» бағдарламасы іске асуда. Бұдан бөлек 2017 жылы қолға алынған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы жалғасын табуда. Екі бағдарламаның шарттары да ұқсас келеді. Жылдық мөлшерлемесі – 1 пайыз, жеңілдің айы – 9 ай, қаржыландыру мерзімі – 60 айға дейін, кепілсіз, 2 миллион теңгеге дейін. Екі бағдарлама аясында – 4 кәсіпкер ана мен 24 жас кәсіпкер 56 миллион теңгеге 1 пайызбен несие алып үлгерді.
«Ырыс – өркендеу» бағдарламасының шарттары: жылдық мөлшерлемесі – 9 ай, жеңілдік айы – 12 ай, қаржыландыру мерзімі – 84 айға дейін, әр жобаға – 10 миллион теңге, лизинг пен кепілге мүлік алынады.
Бүгінде Түркістан облысының барлық ауданында «Ырыс» мекемесінің аймақтың менеджерлері қызмет атқарады. Кез келген уақытта өз ауданындағы «Кәсіпкерлік палатаның» ғимаратында аймақтың менеджерлермізге жолығып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік бар.
«Ырыс» мекемесінің қызметкерлері өз жалақыларынан 50 пайызын Арыс азаматтарына бөліп бергені туралы БАҚ-да айтылды. Жиналған қаржыны тиімді жұмсай алдыңыздар ма?
Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету барысында «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының ұжымдары өз жалақыларының 50 пайызын бөліп, 4 миллион теңгенің көлемінде жинаған болатын. Бұл қаржыға – 10 тонна таза су, 4 тоннаға жуық консервалық тағамдар және 400 адамға арналған киім-кешектер, аяқ-киімдер сатып алынды.
«Қаржыгерлер штабы» құрылған күннен бастап, «Оңтүстік» пен «Ырыс» мекемесінің қызметкерлері «Атамекен», «Даму» т.б. қаржылық ұйымдардың азаматтарымен бүгінгі күнге дейін арыста көмекте жүрді. Алғашқыда Шымкент қаласының қоймасына келіп жатқан тонна—тонна азық-түліктер мен күнделікті қажетті заттарды артып, жүк көліктермен мектептерге таратып отырды. Қойма Арыс қаласына көшкеннен кейін жүк артып отырған қызметкерлеріміз де болды. Арыс қаласындағы «Кәсіпкерлер палатасының» ғимаратында, мекеменің жеті қызметкері жергілікті кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдап, тиісті кеңестер беріп, дұрыс жолдарды көрсетіп жүр. Жұмыстар жалғаса бермек.
Данияр Манатжанұлы, «Ырыс» мекемесінің алдағы уақытта құрған жоспарларымен бөліссеңіз?
«Қамқор» бағдарламасы аясында өтініш тастаған Арыс кәсіпкерлерін қысқа уақытта мүмкіндігінше жеңілдетілген несиемен қаржыландыру — басты мақсаттардың біріне айналды десем болады. Жоғарыда айтып кеткендей, «Ырыс» микроқарыж ұйымына кәсіпкерлерден келіп түскен 103 өтініш бар. Олардың 50-ге жуығы ғана бастапқы құжаттарды тексеру барысынан өте алды. Қалғандарды анықталған кемшіліктерді жоюға қайта жіберілді. Ескере кететін бір жағдай, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өз қаражатынан бөлген 200 миллон теңге барлық арыстық кәсіпкерлерге жетпейді. Қазіргі таңда, ең маңызды деген жобаларға ғана қаржы берілмек. Және де мекеменің жылда қаржыландырып отырған қаржылық қорын арттыруға күш салатын болады. Әрине, бұл «Ырыс» мекемесінде жұмыс жасап жатқан тәжірибелі мамандардың арқасында көздеп отырған мақсаттарымыз. Соларға сенім артып отырмыз. «АНК», «Даму» мен «Атамекен» сынды ірі қаржылық ұйымдармен бірлесе жемісті жұмыс жасауымызды жалғастыратын боламыз. Алла бұйыртса мекемеміздің үлкен жетістіктерге жетуге ниеті бар! Еліміз тыныш, жұртымыз аманшылықта болсын!
Сұхбатыңызға рахмет! Жұмыстарыңыз алға баса берсін!
А.Түйетаев